Әнші Ерке Есмахан «Хабар» арнасындағы «Тікелей эфир» бағдарламасында қонақта отырғанда 20 жастағы Руслан есімді Шудың жігіті студияға кіріп келіп Еркеге тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Сонымен қатар, сері жігіт Еркеге арнап ән де шырқап береді.
Руслан есімді жігіт сұлтаны Еркенің жауабын білу үшін сыртта күтетінін айтып, студиядан шығып кетеді.
Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы мұның сценарийде жоқ екенін, барлығы алдын ала ойластырылмағанын айтып сендіруге тырысты.