Тұңғышбай Жаманқұлов Жамбыл облысының құрметті азаматы атағынан айырылды

/uploads/thumbnail/20171024130743003_small.jpg

Ел арасында Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловқа берілген Жамбыл облысының құрметті азаматы атағының алынып тасталғаны туралы хабар тарады.  Аталған ақпараттың  рас-өтірігін анықтау үшін редакциямызға хабарласушылардың да қатары көбейді.  Аталған істің мән-жайын анықтау үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Жамбыл облысы әкіміне ресми сауал жолдады. Сауалға Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы жауап берді (хат қосымша ретінде берілді)

«Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловқа 2006 жылы Жамбыл облысының құрметті азаматы атағы берілді.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 қалалық сотының Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловқа қатысты шыққан үкім негізінде Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-8 шешімімен бекітілген «Жамбыл облысының (қаланың, ауданының) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларының 5 тармағына сәйкес қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуіне байланысты Жамбыл облыстық мәслихатының ағымдағы жылдың 6 қазандағы 15-13 шешімімен «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағынан айырылды» делінген хабарламада.

хат

Оставить комментарий

Связанные Статьи