Тулуза қаласының билік өкілдері сәбиіне «қорқынышты» есім қойған ата-ананың үстінен Франция елінің бас прокуратурасына арызданды, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Тулуза қаласының тұрғындары өз сәбиіне Джихад деген есімді қойған.
«Француз азаматына қатысты заңның 57-тармағына сәйкес әрбір ата-ана өз сәбиіне кез келген есімді қоя алады, алайда бұл сәбидің мүддесіне кереғар болмауы керек», — деп айтты Тулуза қаласының мэрі. Сонымен бірге Тулуза мэрінің айтуынша, сәбиге берілген бұл есім болашақта оған кері әсерін тигізеді.
Ал Джихадтың ата-анасы бұл пікірмен келіспейді. Себебі Джихад кеңінен таралған мұсылманша есім болып саналады. Сол себепті ата-ана бұл есім сәбиге ешқандай кері әсерін тигізбейтінін айтты.
Айта кететін болсақ, «джихад» сөзі араб тілінен аударғанда «соғыс, күрес» деген мағынаны білдіреді. Араб елінде, нақтырақ айтқанда ислам дінінде бұл сөз 2 мағынада қолданылады. Алғашқысы ел үшін, дін үшін болған соғыс — үлкен джихад, екіншісі, әр адамның өзінің нәпсісімен болған күрес — кіші джихад. Екінші мағынаны нақтылайтын болсақ, әр адам өзінің жағымсыз мінезімен немесе әдетімен болған ішкі күрес.
Оставить комментарий