Хитке айналған «Зың-зың» әнінің авторы қайтыс болды. Мұндай хабарды әнші Серік Ибрагимов өзінің инстаграм парақшасында жеткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
“Ассалаумағалейкум, жақындар! Айтайын дегенім, қамшының сабындай өмірде сыйласып өтейікші! Қолымыздан келгенше жақсылық жасайық, келмесе үндемейік! Кешірім сұрайық, кешірейік! Бүгін бармыз, ертең жоқпыз! Шынында да жалған дүние! Біздің сөзіміздің, істеген ісіміздің, жазған жазумыздың қайсысы соңғы екенін Алла ғана біледі! Сондықтан жақсы амал жасап жүрейікші! Жамандық жасаймыз деп, келмейтін сапарға аттанып кетіп, өкініп қалмайықшы!
Суретте тұрған бауырымның, досымыздың есімі Болат! Ол бауырымыз енді арамызда жоқ! Өте жақсы адам еді! Кішіпейіл, ақ көңіл жігіт болатын! Бақилық болды! Алла мейіріміне алсын! Мейірімі шексіз Аллаxым жәннәттан орын бер! Кешірімді Алла баршамызды кешір! Ия Аллам рақымыңа алғайсың! Аумин! Дұға жасап қойыңыздар, ағайын! Алла жар болсын, баршамызға!” – деп жазды Ибрагимов.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Tengrinews.kz порталы жастар арасында кеңінен таралған «Зың-зың» әнінің авторының белгілі болғанын хабарлаған. Ол композитор Болат Нұрымов еді. Шымкентте туғанымен Алматыда өскен жас жігіт көптеген танымал әншілерге ән жазғанын айтқан.
Оставить комментарий