Курсанттар мергендіктерін шыңдады

/uploads/thumbnail/20171128130002818_small.jpg

Жауынгерлік оқу-жаттығудың жоспары бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 5 курс курсанттары атыс сынақ алаңында мергендіктерін шыңдады, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бес минутсыз болашақ лейтенанттар үшін бүгінгі АК 74 қаруынан атып нысанаға дөп тигізуі, алдыңғы ату жаттығуыларға қарағанда маңыздырақ. Себебі диплом алып, лейтенант атанатын күнде жақындап келеді. Бүгінгі жаттығу барысында байқағаным, курсанттар дәріс жетекшілерінің әрбір айтқан сөзін, әр қимылын мұқият бақылаумен болды. Институттың бас сержанты штаб сержант Арынханов Арман курсанттарды атыс өнеріне үйретуде майталман шебер екендігі етенеден белгілі. Түсіндіру жұмыстары барысында шаршамай жаттығу соңына дейін әдістемелік нұсқаулар берумен болды. Нәтижесінде подполковник Олжас Бакубаев басқаратын курсанттар батальонының қырандары нысананы дарытуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Үздік мерген курсанттар; Ж.Нұрқасымов, Н.Шыныбеков, А.Исахан, И.Ахметов, А.Арзатов, Э.Курмаев, Б.Бақтығалиев, Н.Абдуллаев, Е.Мендугалиев, Е.Есенгалиев, Д.Калиев, Н.Мұратбеков және тағы басқалары нысана атудан бес деген баға алды. Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, «Офицер - бұл Әскердің абыройы! Офицер - мемлекеттік қызметкер ғана емес, ол көптеген адамдардың өмірі сеніммен тапсырылатын мемлекет адамы», деген болатын. Құралайды көзге атқан, болашақ офицерлердің үздік баға алуға деген ұмытылысын көріп, егеменді елімізідің қорғанысын нығайтудағы дайындап жатқан азаматтарымыздың бағытының дұрыс екендігіне кәміл сенемдімін.

Кристина Новикова

Оставить комментарий

Связанные Статьи