Ләйлә Сұлтанқызы студенттерге шәкіртақы тағайындады

/uploads/thumbnail/20171212170619554_small.jpg

Белгілі тележүргізуші  Ләйлә Сұлтанқызы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне шәкіртақы тағайындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

Тележүргізуші шәкіртақы иеленгісі келетін 2-3 курс аралығындағы журналистика, баспа ісі, қоғаммен байланыс мамандықтарының студенттеріне мынадай талаптар қойып отыр: 

GPA көрсеткіші 3,8-ден төмен болмауы керек; 

Үміткердің қол жеткізген жетістіктерін сипаттайтын мотивациялық шығарма;

 Студенттің (жеке немесе жетекшімен бірге) жариялаған ғылыми жұмыстарының тізімі;

Студенттің ғылыми конференцияларда, олимпиадалар немесе конкурстарда жеткен жетістіктерін дәлелдейтін құжаттар (дипломдар, алғыс хаттар мен сертификаттар); 

Басқа коммерциялық немесе жеке тұлғаның атындағы стипендияның иегері болмауы тиіс. Сондай-ақ белгіленген тақырыптарға эссе жазуы керек.

Құжаттарды қабылдау 25 желтоқсанда аяқталады. 

 

Үшінші рет қойғалы отырмын бір постты??? Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті журналистика және саясаттану факультеті студенттерінің назарына! Егер сенің оқу үлгерімің жақсы болса Қоғамдық өмірге белсене аралассаң немесе журналистика саласында жетістіктерің болса Ләйлә Сұлтанқызының арнайы шәкіртақысының иегері бол Конкурсқа қатысу шарттары: Конкурсқа қатысуға өтініш; Үміткердің жеке куәлігі; Күндізгі оқу бөлімінің студенті; Журналистика, баспа ісі, қоғаммен байланыс мамандықтарының студенттері; 2-3 курс аралығындағы студенттер (транскрипт); GPA көрсеткіші 3,8-ден төмен болмауы керек; Үміткердің қол жеткізген жетістіктерін сипаттайтын мотивациялық шығарма; Студенттің (жеке немесе жетекшімен бірге) жариялаған ғылыми жұмыстарының тізімі; Студенттің ғылыми конференцияларда, олимпиадалар немесе конкурстарда жеткен жетістіктерін дәлелдейтін құжаттар (дипломдар, алғыс хаттар мен сертификаттар); Басқа коммерциялық немесе жеке тұлғаның атындағы стипендияның иегері болмауы тиіс; Төменде аталған тақырыптардың біріне эссе жазу: Интернет телевидение – қалыпты телеарналардың көшірмесі ме әлде БАҚ – тың жаңа формасы ма? «Лонгрид жазудан қашан озамыз?» «Әйел бақытының формуласы қандай?» «Қазақстандағы селебрити журналистикасының дамуына шолу» Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.12.2017 дейін Байланыс телефондары: +7 (707) 991 61 00 award@sultankyzy.tv поштамыз

Публикация от Ляйла Султанкызы? (@sultankyzy)

Связанные Статьи