3 классты бидайды 42 000 теңгеге сатып алу туралы шешім қабылданды

/uploads/thumbnail/20171227180913063_small.png

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының және Қазақстанның фермерлер одағы өкілдерімен астық нарығының мәселелері бойынша брифинг өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Негізгі факторлардың болмауына қарамастан (астық үлесінің мол болмауы, экспорттың төмендемеуі), ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап астықтың ішкі нарығында әлемдік және ішкі бағаның тепе-теңсіздігі, ішкі нарықтағы бағаның төмендеуі мен сұраныстың азаюы байқалады.

Осы мәселелерді талдау барысында бірнеше себептер анықталды:

Біріншіден, Ресей еліндегі астықтың рекордты көрсеткіште жиналуы Қазақстанның шекаралас аймақтарына арзан бағамен заңсыз түрде астық әкелінді;

Екіншіден, елімізде астық тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігі (40-50% тасымалдау бойынша өтініштер ашық түрде қалып қояды) және жеке трейдерлер жағынан сатып алудың қысқаруы, бұл халықаралық трейдерлерге де қатысты. Вагондардың жетіспеушілігі келісім-шартты толықтай орындауға мүмкіндік бермеді.

Үшіншіден, сатып алу саясаты нақтыланбаған астық нарығындағы бірден – бір маркетмейкер Азық түлік келісім-шарт корпорациясы болды. Бұл компания сатып алу бағасын 42 мың теңге деп жариялап, бағаны 39 мың теңгеге дейін төмендетті.

Осының бәрі астықтың ішкі нарығында сұраныстың төмендеуі мен бағаның түсуіне әсер етті.

Қазіргі уақытта бекітілген баға ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің шығындарын өтей алмайды және көктемгі егістік жұмыстарын сапалы орындауға толықтай мүмкіндік бермейді.

Осыған орай, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық жағдайын қалпына келтіру мақсатында Азық түлік келісім-шарт корпорациясы арқылы 3 классты бидайды 2 млн. тонна көлемінде тоннасын 42 000 теңгеге (ҚҚС қосқанда) сатып алу туралы шешім қабылданды.

Ресейден әкелінетін астықты қатаң қадағалап және оның ҚҚС заңдастыру жоспарлануда.

Вагондарға астықтарды тиеудің ашықтығын қамтамасыз етіп, астық қолхаты ақпараттық жүйесі мен ҚТЖ АҚ  ақпараттық жүйесін біріктіре отырып, экспорттық құжаттарды дайындау барысында кедергілерді болдырмау керек.

Аталған шаралар сұранысқа ие астық қорын құруға мүмкіндік береді, алайда талдау нәтижесі бойынша құрғақшылықтың жоғары қаупі байқалады.

Казгидрометтің мәліметі бойынша, құрғақшылықтың қайталану мерзімі 10 жылда 3 мәрте болады екен. Соңғы 2-3 жылмен салыстырғанда ылғалдылық мөлшері төмен. Осы жылы аяз қар түскенге дейін басталды және осы маусымда қыстық өнімді ылғалдың төмен болу ықтималдылығы жоғары. Астықты тұтыну қорын пайдалану қажеттілігі артуда. 

Связанные Статьи