Жаңа жылдың жантүршігерлік тарихы

/uploads/thumbnail/20171228133512805_small.jpg

Жаңа жылдың шығу тарихы туралы түрлі пікірлер айтылып та, жазылып та жатыр. Өзге ұлттың Жаңа жыл мерекесі жақындағандықтан, бұл қалыпты жағдай. Алайда Бурахан Даканов атты желі қолданушысы бұрын соңды айтылмаған тарихты өзінің фейсбук парақшасына жариялады. Аталған жазбаны Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Осы жаңа жыл келе сала: «Ойбай дайындалайық, шырша тауып, оны безендірейік» — деп шарқ ұрамыз. Дегенмен, осы мереке қалай пайда болды,  қызыл малақайлы шал кім деген сұраққа ешкім бас қатырмайды, тек «елден қалмасақ болды», дейміз де, қалғанына мән бермейміз. Бірақ сол дұрыс па?

Осы мəселемен бас қатырып, ерінбей ғаламтордың бұрыш бұрышын ақтарып, әйтеуір таптым. Қысқасы, бұл мереке крест жастанғандардың мерекесі емес екен. Негізінде әңгіменің көкесі мынау. Мәселе былай басталыпты — ерте ерте ертеде, (тек бұл ертегі емес, бірақ әрбір ертегінің астында жасырынған бір шындық бар) ешкі жүні келтеде Алып тауларының бауырын мекендеген кельт (болашақ галлдар) атаулы тайпа өмір сүрген екен.

Олар шыршалардың ішінде орман аруақтары,жын шайтан өмір сүреді деп сеніп — уақытында құрбандық шалып отырған. Ал қандай құрбандық? Әңгіменің қызығы осы жерде, олар шыршаларға жын шайтандар ауқат қылсын деп адамның ішек қарнын, сүйектерін әдемілеп іліп қойуды әдет қылған. Осылай талай жыл тырқырап жүрген кельттерді  крест құшқандар — қылыштың жүзімен беттерін бері бұрып, себепсіз адам өлтіруді (құрбандық шалу, ішіп алып төбелесу, бір бірін ойнап о дүниеге аттандыру) тоқтатады.

Кейін қазақтың «қасқырды қанша тәрбиелесең орманға қарап ұлиды» дегендей ойнайтын ойыншығынан айырылған кельттер: болмасаңда ұқсап бақтың кебін киіп-ішек қарындармен адамның бастарының орнына неше түрлі жылтырақтармен (гирлянды) және түрлі түсті әйнек шарлармен шыршаларын безендіріп қолдарының қышуын қандырған дейді.

Ал ел жұрттың мұржасынан кіріп, шыршаның астына сәлем сауқат салатын қызыл телпекті шал да жетісіп тұрған жоқ негізі. Ол шалды да осы жауыз кельттер ойлап тапқан, бірақ бұрын бұл шал қазіргідей ел жұртқа қуаныш, балаларға ойыншық беру үшін емес, әлгі шыршаға ішек қарын ілмегендердің үйіне барып, ас қорыту жүйесін сұрамай алып кететін қанішер шал болған екен.

Қазіргі қызыл дорбасымен қызыл шапаны бар Санта Клаус — кельттердің қандары аққан ішек қарнын дорбасына салып, үсті басы алқызыл қан болған сол шалдың заманауи бейнесі. Айтпақшы шалдың ассистенті болған Ақшақарды кезінде кельттердің күн қатты борандатып, айнала ақ түтек болғанда ормандағы бір шыршаға жалаңаш арқандап,  борандардың әмірі деп есептелген жаңағы шалға тартқан құрбандықтары екен.

Ал енді келе жатқан Жаңа жылдарың құтты болсын. Бұрынғы «Аяз ата алып кете ме, тоқ ішегімді алып кете ме?» деп қорқып, түнімен ұйықтамай отырған кельттердей таң атқанша тойлауларыңызды тілеймін.

Ізгі ниетпен Бурахан Даканов

Связанные Статьи