Қазақстандық видео блогер Данияр Еникеев Единбург тұрғындары арасында сұрау жүргізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оған сәйкес, тұрғындар мен қонақтар қазақстандық белгілі ер адамдардың қай елдің азаматы екенін болжады. Блогер жаяу жүргіншілерге кәсіпқой боксшы Қанат Ислам, 91 тобы, актер Берік Айтжанов, актер Ерден Телемісов, әнші Димаш Құдайберген, актер Төлепберген Байсақалов, әнші Әли Оқапов және актер Санжар Мадиевтің суретін көрсетті.
Қала тұрғындары мен қонақтарының ешбірі түрлі салада өздерін жақсы қырынан көрсете білген білекті елді азаматтарды қай елдің тумасы екенін дұрыс таппады. Олар түрлі болжамдар айтты. Көбі Азия елдерін атады. Оның ішінде Монғолия, Корея, Қытай мен Жапония бар. Алайда Қазақстанға танылмал азаматтарды АҚШ, Португалия және Еуропа елдерінің азаматтары деп болжағандар да табылды.
Оставить комментарий