Тамара Асар: Жол апатынан кейін мені алға жетелеген- махаббат

/uploads/thumbnail/20180109104100549_small.jpg

Тамара Асар небәрі 20 жасында ірі жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған. Әнші бұл күні туған ағасының үйлену тойына бара жатқан екен. Өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты жайлы Тамара Асар The Эфир жобасында айтты.

«Аяғым ұшып қолыма түсті. Оны сөмкеме салып алдым. Тілегім, жүрегім ағам мен інім деп соққаннан кейін, «ағам аман болсын, Бека, Бека» деп айқайлай бердім. Оны көпшілікке көрсетпеуге тырыстым. Ерке қыз болдым. Қазір артқа қарап, мені тәрбиелеген қандай дархан халық деп ойланамын. Етегімді қолыммен жауып, аяғымды сөмкеге салып жасырып, оны көліктің артына тығып үлгердім. Себебі алдымызда үлкен автобус келе жатты, іші толған ер адам. Соларға көрсетпеу мақсатында ішіме кіріп кеткен темірді суырып алдым. Осының бәрі қызумен болған құбылыс. Сол кездегі тілегім әкем мен ағама қан көрсетпеу еді. Ол менің кереметтігім емес, тәрбие. Ағам үшін аяққа тұрдым. Себебі рөлде сол болды. Ағамның еңсесі түспесін дедім», – деп ағынан жарылды  әнші Тамара Асар.

Тамара Асар өзінің махаббаты жайлы, жол апатынан кейін алға демеу берген жары туралы да баяндап берді.

«Ол қаланың жігіті, мен ауылдың қызы едім. Өмірден небәрі 30 жасында кетті. Өзі өте қызық адам, мені өмірге қатты бейімдеді. Жол апатына ұшыраған кезімде Самат қиын жағдайға түсіп, хабар ала алмаған. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Ал мен оны осындай жағдайға түскенімді естіп, келмей жатыр деп ойладым. Жарты жылдан кейін мені анасы іздеп келді. Жағдайдың бәрін көрді, қайтадан араласып бастадық. Мені орнымнан тұрғызған махаббат. Ол маған: «Көресің әлі, ұл туасың, қыз туасың»,  – дейтін», – есіне алды Тамара Асар.

Оставить комментарий

Связанные Статьи