Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың кеңсесін тонап кеткен. Бұл туралы продюсер өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
Оның айтуынша, оқиға 11 қаңтарға қараған түні болған.
«Кеше түнде компаниядағы менің кеңсеме ұрылар түскен. Аппаратуралар мен компьютерлер, киімдерге тиіспеген, тек құжаттарға толы папканы алып кеткен. Бұл жағдайға бола көңіл-күйімді түсірмеймін, себебі мұны істеген адам менің жұмысымнан ешқандай қкемшілік таппайды. Мен адал жұмыс істеймін», - деп жазды ол.
Сондай-ақ қылмыскерді қалай да табатынын және оның бәріне мәлім болатынын ескертті.