Димаш Құдайберген "Грэмми" иегерімен дуэт айтады

/uploads/thumbnail/20171228085332118_small.jpg

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Грэмми" иегерімен дуэт болып ән шырқайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген әйгілі композитор, продюсер Уолтер Афанасьеффпен бірге жұмыс істейтінін айтқан еді. 

«Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол "GRAMMY" жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жұмыс істеген ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған "Титаник" телефильмінің саундтрегі "My heart will go on" əнін де дүниеге алып келген осы Уолтер мырза. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз», — деп бөліскен еді әнші.

 

Связанные Статьи