Динара Сәтжан: Мен орыс тілінің арқасында танымал журналист атандым (видео)

/uploads/thumbnail/20180126112638363_small.jpg

Тележүргізуші Динара Сәтжан журналист Ғалия Идоятоваға берген сұхбатында неліктен «Qazaqstan» ұлттық арнасында жұмыс істеуге бел буғанын және қазақ тілін қалай үйренгендігі жөнінде айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz сайтына сілтеме жасап.

Динараның айтуынша, «Қазақстан» арнасында жұмыс істей жүріп өзінің қазақ тілін айтарлықтай деңгейде дамытқан.

«Мен қазақша сөйлей аламын. Мен қазақ тілін білемін», — деген Динара Сәтжан әрі қарай сұхбатын орыс тілінде жалғастырды. 

«Маған орыс тілі көп мүмкіндіктер берді. Орыс тілінің арқасында мен өз елімде көп дүниені түсініп, танымал журналист атандым. Бірақ қазір қазақ тілді ортамен араласқан қатты ұнап жүр. Мен қазақ тілді кітаптарды көп оқып, қазақ тілімді айтарлықтай дамыта алдым», дейді Динара Сәтжан.

Связанные Статьи