Ақбота Сейдмағамбет өзінің бұрынғы жұбайы Дәурен Айдарқұловтың «біз біргеміз», - деп айтуына не себеп болғанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ақбота Сейтмағамбеттің айтуы бойынша Дәурен Айдарқұлов оны әлеуметтік желілерде бұғаттап тастаған көрінеді. Сонымен бірге Ақбота Дәурен Айдарқұловтың сөзін жоққа шығарды. Ол «Дәурен пиар керек болғаны үшін осылай жасаған шығар», - деді.
Еске салсақ осыдан біраз уақыт бұрын Дәурен Айдарқұлов өзінің әлеуметтік парақшасына отбасымен бірге екенін жазған болатын. Алайда қазір Дәурен бұл жазбаны парақшасынан өшіріп тастаған.