Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жуырда ғана пара алғаны үшін сотты болған Ерлан Біләл туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Тұңғышбай Жаманқұлов TalkLike бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Ол алғашында «Ерлан Біләлді танымаймын, кездестірмедім» деп әзілдеп те алды.
Сұхбат барысында танымал актер көп нәрсенің басын ашып айтты.
« Қоңырау шалып, қолдау білдірген жоқпын. Өйткені маған олай істеуге болмайды, ол жігіт телфон алмайды да. Екіншіден оған одан сайын зиян келмесін деген ұғымнан тартынғаным рас. Сол себепті үнсіз қалуым дұрыс деп ойлаймын. Өйткені менің басыма күн туғанда мені қорғап жазған қыз келіншектердің, журналистердің басына күн туды, жұмысынан айырылды, сөзге қалды дегендей мәселелер болды. Егер мен хабарласа қаласам «бұл ұстазының адамы екен ғой» деген оймен қиын бола ма деп тартындым. Өйткені халыққа сөзім өтіп тұрса да, ондай ведомствоның жандайшаптарына сөзім өтпейді», — деді актер