Британдық BAFTA киноакадемиясы "ең үздік" фильмді атады

/uploads/thumbnail/20180219095800514_small.jpg

Британдық BAFTA киноакадемиясы "Эббинг, Миссури шекарасында үш билборд" фильмін үздік кино туынды деп жариялады деп хабарлайды РИА Новости.

Британдық кино және телеөнер академиясы (BAFTA) "Ең үздік фильм" номинациясы бойынша Мартин Макдонахтың режиссерлік етуімен түсірілген фильмді таңдаған.

Аталмыш фильм бірден тоғыз номинацияға ұсынылған. Криминалды-драма жанрында түсірілген фильм тоғыз номинацияның бесеуін жеңіп алды.

Киноакадемия сыйын табыстау кеше жексенбіде Альберт-Холында өтті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи