«Түнгі студия» шоу-бағдарламасын ендігі актер Қайрат Әділгерей жүргізетін болады. Бұл туралы «Qazaqstan» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Әділгерей халыққа «Базар жоқ алаңы» және «Әзіл әлемі» жобалары арқылы танылды. Бірнеше фильмдерге түсіп, Нұрлан Қоянбаев, Айдос Сарым, Жандарбек Бұлғақовпен «Сенбілік шоу» бағдарламасын жүргізді.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студиядан» кететіні белгілі болған. Ал «Сенбілік шоу» бағдарламасын Қоянбаевтың орнына Тұрсынбек Қабатов жүргізетін болады.