Apple екі SIM-карталы iPhone шығаруы мүмкін

/uploads/thumbnail/20180227100630872_small.jpg

2018 жылдың соңында америкалық Apple компаниясы iPhone маркасының жаңа үш түрін шығарады. Бұл жайлы Bloomberg хабарлады.

Сонымен қатар Apple iPhonе телефонын екі SIM-карталы етіп шығаруды жоспарлап отыр. Алайда бұл мәселе өз шешімін таппады.

Экран диагоналі  6,5 дюйм болатын және iPhone X маркасының жаңартылған түрі мен флагмандық смартфонның бюджеттік нұсқасы шығарылады.

Құрылғылар жаңа операциялық жүйемен жабдықталады.  Ол Siri дауыстық көмекшісінің озық ерекшеліктері бар iOS 12 болуы мүмкін.

Связанные Статьи