Сәрсенбі күнгі парламент отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың қазақшасы сынға түсті.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 26 ақпанда «үкімет пен парламент жұмысын тек қазақша жүргізсін» деген.
Парламент отырысы барысында ұлты орыс мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевқа қазақ тілінде сұрақ қойған. Алайда депутат банк төрағасының жауабына қанағаттанбағанын жеткізді. Бұл видеоны «Азаттық радиосы» Facebook-те жариялады.
Оставить комментарий