Танымал әнші Қайрат Нұртас отбасы мүшелерінің қатысуымен дүркіретіп концерт өткізгелі жатыр. Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.
—Жайма шуақ көктемнің нұрын шаша келген Наурыз мерекесі қарсаңында отбасыма қызығушылық танытып жүрген xалқыма бұрынғы концерттерден ерекше концерт ұсынбақшымын! Бұрын соңды болмаған, жанұямның мүшелерінің қатысуымен өтетін, өнер сүйер қауымның ынтыға күткен кештің куәгері болыңыздар!,- деп жазды әнші.
Оставить комментарий