Наурыздың 25-інде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында әнші, сазгер, актер Қадырғали Көбентайдың «Алатау алыбында «Қадырғали Көбентай» атты кеші өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ән мен әзілі қатар өтетін кеште Тұңғышбай Әл-Тарази, Мейрамбек Бесбаев, Асқар Наймантаев, Еркін Шүкіман, Шәкизада, Бейісхан Бекбай, Мақсұтхан Диханбаев, Ершат Қайырхан, Тілеу Қуанбаев, Сейіл Аяған, Жақсыбек Қалелбек сынды өнерпаздар өнер көрсетеді.
«Қадырғалидың композитор ретінде шығарған әндерін екінің бірі айта бермейді, өзі де оңды-солды шаша бермейді. Әйтеуір Қадырғали таңдап алған өлеңнің бағы жанады. Өлең авторы оны мойындаса да мойындамаса да, менің ойым солай! Жақында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында дүркіретіп концерт бермекші! Қатысатын әншілерінің өзі өз алдында, жеке-жеке театр! Сұрапыл кеш болғалы тұр!», - деді кеш қонағы Асқар Наймантаев.
Өтетін уақыты мен орны: 2018 жыл, 25 наурыз, сағ. 17:00-де. Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залы.
Оставить комментарий