Қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза Абайдың рөлін сомдап жүрген актер Ерлан Біләлді сынға алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол өз пікірін видео арқылы жеткізіп, Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады. Оның айтуынша, пара алып ұсталған Ерлан Біләл театрда ойнауға, Абайдың рөлін сомдауға лайық емес.
«Адамның беті қалың болса, қиын екен ғой. Кеше жаңалықтардан Ерлан Біләлдің театрда Абай бейнесін сомдап жүргенін көрсетті. Қылмыскер екендігі (пара алу – қылмыс) сот арқылы дәлелденген адамның Абайды сомдауға қалай беті барады? Оның орнында мен болсам, екі қолымды төбеме қойып қаңғып кетер едім. Болмаса, асылып өлер едім… Біз қазақ өлімнен ұят күшті деп өскен халықпыз», — дейді Нағашыбай Есмырза.