Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы үш айда (2018ж. наурыз 2017ж. желтоқсанға) – 2,2%, азық-түлік емес тауарларына – 1,3%, ақылы қызметтерге 1,7%-ға өсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
|
2018ж. наурыз |
2018ж. қаңтар-наурыз 2017ж. қаңтар-наурызға |
|||
2018ж. ақпанға |
2017ж. желтоқсанға |
2017ж. наурызға |
2015ж. желтоқсанға |
||
Тауарлар мен қызметтер |
0,5 |
1,8 |
6,6 |
18,2 |
6,6 |
Азық-түлік тауарлары |
0,8 |
2,2 |
5,5 |
19,5 |
5,6 |
Азық-түлік емес тауарлар |
0,5 |
1,3 |
8,5 |
20,8 |
8,5 |
Ақылы қызметтер |
0,2 |
1,7 |
6,0 |
14,4 |
6,2 |
Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. наурыз 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,3%, картопқа – 6,9%, жаңадан жиналған жемістерге – 6,8%, консервіленген сүтке – 3,5%, мәйекті ірімшікке – 2,9%, қышқыл сүт өнімдеріне – 2,8%-ға, жаңа сауылған сүтке, кофеге – 2,5%-дан, сары майға 2,4%, сүзбеге – 2,1%-ға, жылқы етіне, ет өнімдеріне – 1,9%-дан, сиыр етіне – 1,7%, шұжықтарға – 1,5%, шошқа етіне – 1,4%, салқындатылған сусындарға – 1,2%, жеміс және көкөніс шырындарына 1,1%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 12,6%, жұмыртқаға – 1,1%-ға, күрішке, қара шайға – 1%-дан, құс етіне 0,8%-ға тіркелді.
Баға өсімі автомобильдерге – 1,9%, фармацевтикалық өнімдерге – 1,8%, жеке қолданатын тауарларға – 1,7%, тұрмыстық аспаптарға – 1,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 1,4%, тоқыма бұйымдарына – 1,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,1%-ға, киім және аяқ киімге, кітаптарға 1%-дан құрады. Бензин – 2,2%, баллондағы сұйытылған газ – 1,7%, дизель отыны – 1,3%, тас көмір 0,5%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыру – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 3,2%, денсаулық сақтау – 2,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1%-ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігімен, ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы – 3,1%-дан, қалааралық – 2,6%-ға қымбаттады, ал әуе көлігімен 8,5%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға, ыстық суға – 3,5%-дан, электрэнергиясына – 3,4%, қоқыс шығаруға – 3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 0,9%, кәрізге 0,8%-ға жоғарылады.
Оставить комментарий