Су мен кәріз жүйесіне тариф өсіп келеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ranking.kz-ке сілтеме жасап. Ыстық су бірден айына 1,6% және жылына 9,3% қымбаттады.
Суық су айына 1,3% өсті және жылына 3,3% қымбаттады.
Кәріз жүйесіне тариф айына 1,4%, жылына 2,5% қымбаттады.
Болашақта баға өсуі мүмкін. Қостанайда 1 сәуірден бастап жаңа тариф жүреді. Тұрғындарға төлем 11%, ал заңды тұлғаларға 26% көтеріледі. «Қостанай Су» компаниясы судың қымбаттауын электр тоғының қымбаттауымен байланыстырып отыр.
2018 жылдың наурыз айынан бастап жеке есеп құралы жоқ Астана тұрғындары үшін су бағасы екі есе қымбаттайды.
Бұған дейін табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2018 жылы 5 жылға арналған шекті тарифтерді белгілеу бойынша Қазақстанның 12 аумағында баға өзгеретінін хабарлаған. Олар: Астана, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Оставить комментарий