Ресейлік әнші Вера Брежнева Крокус Сити Холда өткен концертте көйлегіне шалысып құлап қалды. Бұл уақытта ол "Жақын адамдар" әнін орындап жатқан болатын. Әншіге орнынан тұруға сахна жанында жүрген ер адам көмектесті.
Вера Брежнева тез орнынан тұрып, әнін жалғастырды. Ән айтып болғаннан кейін "Өнер адамының жолы жеңіл бола бермейді" деп әзілдеді.