Армениядағы тәртіпсіздіктерге халықтың болашаққа деген сенімсіздік пен қанағаттану сезімінің жоқтығы және әлеуметтік қиындықтардың болуы түрткі болды, - деп мәлімдеді Армения президенті Армен Саркисян.
Сонымен қатар ел президенті Серж Саргасянның премьер-министр қызметінен кеткенін бағалайтынын жеткізді. Ол шешімі елдегі қақтығыстардың алдын алған.
Ереванда 13 сәуірден бастап Серж Саргсянның Үкімет басшысы қызметіне келгеніне байланысты наразылық акциясы өтті.
Серж Саргсян 2008-2018 жылдарға дейін Армения президенті болған. Осы уақытта ол Конституцияға өзгерістер енгізіп, премьер-министр өкілеттігін кеңейткен. 17 сәуірде президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін, наразылыққа қарамастан үкімет тізгінін қолына алған.
23 сәуірде Арменияда он шақты күнге созылған оппозиция шеруінен соң премьер-министр Серж Саргсян отставкаға кетті. Бұдан сәл бұрын жексенбі ұсталған наразылық жетекшісі Никол Пашинян қамаудан босатылды.