2018 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында инфляция 2,2%-ды құрады

/uploads/thumbnail/20180502173940124_small.jpg

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы төрт айда (2018ж. сәуір 2017ж. желтоқсанға) – 2,8%, азық-түлік емес тауарларына – 1,7%, ақылы қызметтерге 1,9%-ға өсті.

пайызбен, өсуі

 

2018ж. сәуір

2018ж. қаңтар-сәуір 2017ж. қаңтар-сәуірге

2018ж.

наурызға

2017ж. желтоқсанға

2017ж.

сәуірге

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

100,4

102,2

106,5

118,7

106,6

Азық-түлік тауарлары

100,6

102,8

105,5

120,1

105,5

Азық-түлік емес тауарлар

100,4

101,7

108,5

121,3

108,5

Ақылы қызметтер

100,2

101,9

105,7

114,6

106,1

Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. сәуір 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,4%, жаңадан жиналған жемістерге – 9,8%, картопқа – 7,2%, мәйекті ірімшікке – 5%, консервіленген сүтке – 4,6%, кофеге – 3,5%, сары майға – 3,4%, қышқыл сүт өнімдеріне – 3,3%, жаңа сауылған сүтке – 2,8%-ға, сүзбеге, сиыр етіне, жылқы етіне, ет өнімдеріне – 2,5%-дан, шұжықтарға – 2,3%, жеміс және көкөніс шырындарына – 2,2%, шошқа етіне – 1,8%, салқындатылған сусындарға 1,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 15,9%, қара шайға – 1,8%, құс етіне – 1,4%, жұмыртқаға 1,1%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 2,9%, автомобильдерге – 2,8% жеке қолданатын тауарларға – 2,1%, тұрмыстық аспаптарға – 1,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 1,8%-ға, киім және аяқ киімге, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,7%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,6%, тоқыма бұйымдарына – 1,5%, кітаптарға 1,3%-ды құрады. Дизель отыны – 2,5%, баллондағы сұйытылған газ – 1,7%,бензин – 1%, тас көмір 0,7%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 3,2%, денсаулық сақтау – 2,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1,1%-ға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы – 3,1%-ға, қалааралық автобус, жолаушылардың темір жол көлігімен 2,8%-дан қымбаттады, ал әуе көлігімен 2,2%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 3,6%-ға, орталықтан жылытуға, ыстық суға – 3,5%-дан, қоқыс шығаруға – 3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 0,9%, кәрізге 0,8%-ға жоғарылады.

Связанные Статьи