Instagram желісінде жаңа функция іске қосылды. Енді желі қолданушылары Instagram арқылы төлем жасай алатын болады. Жаңа функция әзірге АҚШ-та ғана қолжетімді.
Қазіргі уақытта төлем функциясы мейрамханалар мен салондарда сыналып жатыр. Бұған қоса киноға да билет сатып алуға болады. Компанияның мамандары болашақта барлық қолданушыға қолжетімді функция жасауды көздеп отыр.