Цукерберг әлеуметтік желі нарығындағы Facebook-тың монополиясы жайлы айтты

/uploads/thumbnail/20180523102715276_small.jpg

Сейсенбі, 22 мамырда Facebook басшысы Марк Цукерберг Брюссельде Еуропарламент депутаттарымен кездесіп, сөз сөйледі.

Азаттық берген мәліметке сүйенсек, кездесу барысында Cambridge Analytica фирмасы арқылы қолданушылардың жеке деректерінің жарияланып кету мәселесі сөз болған.

Цукерберг депутаттардың Facebook-тың әлеуметтік желі нарығындағы монополиясы жайлы сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, мәліметтер базасының бұзылғанына және саяси кампания кезінде әлеуметтік желінің «жалған хабар» таратып, жеккөрушілікті тудыруда пайдаланылғанына Цукерберг кінәлі екенін мойындады. АҚШ-та жүргізіліп жатқан тергеу мәліметінше, Facebook АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында сайлау кампаниясына килігу үшін ресейлік "интернет-тролльдерді" пайдаланған.

Связанные Статьи