Нұрсұлтан Назарбаев: Журналистиканың басты қатері – сенім дағдарысы

/uploads/thumbnail/20180523120430690_small.jpg

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев XV Еуразия медиа форумының ашылуында сөз сөйлеп, форум қатысушыларына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Елбасының құттықтау хатында форумның жыл сайын медиа саласының білікті мамандарын жинап, ең өзекті мәселерді талқылайтыны айтылған.

Дәурен Абаев

«Үздіксіз өзгеріп жатқан әлемде бұқаралық ақпарат құралдары ғаламдық шиеленістің алдын алып, жағдайды қалпына келтіретін таптырмас құрал. Мұндайда журналистердің жауапкершілігі артады әрі міндеті маңызды саналады. Классикалық журналистерге деген сенімнің жоқтығы бүгінгі БАҚ-тың басты қатері. Бүгінде қоғам балама ақпарат көздері блогерлер мен әлеуметтік желіден керекті жаңалығын оқуды жөн көреді. БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігі журналистің сапалы контенті мен кәсібилігінен көрінеді. Тексерліп, нақты фактілермен берілген кез келген ақпарат оқырманға өтімді. Сол себепті осындай диалог алаңдарын құрудың маңызы зор», - делінген президенттің құттықтауында.

Мемлекет басшысының айтуынша, журналист – этика мен адамгершілік қасиеттерді ұштастыра білетін маман.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Еуразия медиа форум басталды. Форумға 6000-нан астам шетелдік делегат келген.  

Связанные Статьи