Биыл Астанада 20 мыңға тарта ағаш пен бұталарды егу жоспарланған

/uploads/thumbnail/20180528034919007_small.jpg

Қала мерейтойында жасыл желекке оранады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Астана-Жасылқұрылыс» АҚ-на сілтеме жасап.

Қала көркін келтіруші декоративті жасыл фигуралар халықтың зор ықыласына ие. Жазғы маусымда елорда көшелеріне піл, қыран, барыс, аққу және керік сияқты жаңа фигуралар сән береді.

Бұдан бөлек, жарқын гүлзарлар да алаңдар мен аулаларды абаттандырудың негізгі элементтері болмақ. 2018 жылы «Астана-Жасылқұрылыс» АҚ-ның жұмысшылары 5 млн-нан астам көшет егеді деп күтілуде. Олардың ішінде шырайгүл, тагетис, кербезгүл, абелия, үлпек, сальпиглоссис сияқты біржылдық гүлдердің 50 түрі бар. Мұнымен қоса, қала көгалдарында айылқияқ, сарана, раушан сияқты көпжылдық гүлдердің 30-дан астам түрі отырғызылады. Сондай-ақ елордада ала лента түріндегі көпжылдық гүлдерден, бұталар мен раушандардан өрілген сан алуан гүлзарлар – миксбордерлер жасалады.

Бүгінде елордамыздың әрбір тұрғынына шаққанда 17 шаршы метр жасыл желек аумағынан айналады екен. Сарапшылардың пікі­рінше, бұл көрсеткіш қала­ларды көгалдандырудың әлем­дік нормасына сәйкес келеді. Елорданы жасыл орман көм­керген саябақ қалаға айналдыру жөніндегі жүйелі жұмыс одан әрі жалғасын табуда. Астана қаласы әкімдігінің табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурс­тар басқармасы басшысының орынбасары Мирас Ғайсиннің айтуынша, биылғы жаз айларында елордада жаңадан тағы да 10 саябақ және 4 бульвар жасалады. Мамандардың дерегі бойынша, тек 2017 жылы ғана елордада жасыл желек отырғызу 2016 жылмен салыстырғанда үш есе артқан.

«Өткен жылы қаламызда 2 мың­нан астам ағаш отырғы­зылды. Оның үстіне жаңа сая­бақ­тар мен бақтар ашу ісі жалғасады. Қа­зіргі күні қаламызда 10 ірі бақ, 95 саябақ және 4 бульвар жа­сақ­талған. Үстіміздегі жылы жаңадан тағы 10 саябақ пен 4 бульвар жасақталады», деді жа­қында өткен кездесуде Та­би­ғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары. Елорданың 20 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Маңғыстау облысының қала­мызға жасаған сыйлығы ретінде Жеңіс және Бөгенбай батыр даң­ғыл­дарының бойында жаңа сая­бақтар мен гүлзарлар ашылады. Сонымен бірге биыл қала­мызда тағы бір ірі демалыс саябағы ашылады. Онда Шы­ғыс­тың қос жұлдызының бірі, қазақ­тың батыр қызы Мән­шүк Мәметоваға арналған еңселі ескерткіш бой көтеретін болады.

Бас қаламызды көгалдандыру және абаттандыру мақсатындағы кешенді шаралар биыл ерекше басымдыққа ие болмақ. Мәселен белсенді демалысқа әуестенуші қала тұрғындары үшін қосымша тағы да 34 шақырымға созыл­ған велосипед жолы ашылады. Бас қаланың 20 жылдық мерейлі мерекесіне орай қаламызды көгал­дандыру және абаттандыру жұмысына еліміздің барлық об­лыстары өздерінің үлестерін қосатын болады. Астана қаласын қоршаған «жасыл белдеу» бүгінде көз сүйсінетін нағыз ну орманға айналды. 1998-2004 жылдар аралығында елорда шекарасы аумағындағы жалпы ауданы 11502 гектар жерге 9,6 миллион түп ағаш және 1,8 мил­лион түп бұта отыр­ғы­зылды. Ал 2012 жылдан бас­тап 2017 жыл­ға дейін ор­ман жолақтарының ара­сына 152 миллионнан астам кө­шет отырғызылды. Қазіргі уа­­қытта атты кісі жасырына алатын Астана орманы қа­ладан 60 ша­қырым қашық­тық­та орналасқан Шор­танды бағытындағы табиғи ор­ман­мен қосылып, тұтасып үл­­герді. Қала маңындағы бас­қа бағыт­тардағы ормандар да біртін­деп қа­натын кеңге жайып барады. 

Соңғы уақытта Астана қа­ласы кө­шелерін сан түр­лі гүлдермен көмкеру дәс­­түр­ге айналып келеді. Гүл­­­зар­­лардың аумағы жылдан-жылға кеңейіп барады. Өткен жылдың өзін­де қаламыздағы гүл­зарлар кө­лемі үш есе артты. Сонымен бірге кейінгі кезде «Астана-Көгалдандыру құ­ры­лысы» АҚ кәсіпорындары өсім­діктерді күзеп, реттеу ар­қылы жасыл мүсіндер жасау дәстүрін тәжірибеге берік ен­гізді. Қазір қа­ламыздың барлық көше­лерінен дер­лік осындай жасыл мүсін­дерді көруге болады. Бұл мүсіндерді кез келген жасыл өскін­дерден жасай беруге болмайды. Ол үшін 1 шаршы метр арнайы аумаққа 2 мың түп көшет отырғызылады. Бұл өсімдіктерге жан-жақты күтім жасалып, үздіксіз су­ары­ла­ды. Үс­тіміздегі ме­ре­к­елі жылы мұндай көз тар­­тар жасыл мүсіндердің қа­та­ры бұрынғыдан да кө­бей­тілетін болады. Бүгінде қала көшелерінде жол бойы орнатылған көздің жауын алатын құмыраға салынған аспалы гүлдер қала тұрғындарына етене жақын болды. Биыл да қала көше­лер­інде қоршаған темір шар­бақ­тарға гүл өсірілген мың­даған аспалы қыш құ­мы­ралар ілінетін болады.

Елорданың 10 жылдық ме­рейлі мерекесі аталып өтіл­ген жылдар­дан бастап Астана қала­сында аула­ларды абат­тан­дыру жұмысы жүйелі жал­ғасып келеді. 

Жалпы бағзы замандарда мұндай жасампаз идеялардың болғанын тарихтан оқып жүрміз. Ұлы патшалардың орнатқан ғажайып бақ-ормандары, бүгінге дейін аңыздарға арқау болып келеді.         Алтынорда хандарының бірі Жәнібек ел астанасы Сарай қаласында сұлу қыздарына арнап ғажайып бақ  өсірген. Ханша мен ханзадалар, мәртебелі қонақтар үшін серуен құратын оның айдынды көгілдір көлдерінде аққулардың  мекен еткендігі туралы деректер бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.     Жәңгір Бөкейүлы  ханның бастамасымен 19-шы ғасырдың  алғашқы жартысында  хан ордасында тамаша қоңыржай ауа райын қалыптастырған қарағайлы ормандар егіліпті.  

Связанные Статьи