Алматыда «Бозторғай» байқауына қатысты брифинг өтті

/uploads/thumbnail/20180528124432812_small.jpg

«Бозторғай» байқауы Халықаралық фестивальдер мен конкурстар дүниежүзілік Федерациясы қатарынан.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

Әр лауреат немесе дипломант тағдыры бақыланып отырады, «Бозторғай» конкурсының Халықаралық фестивальдер мен конкурстар дүниежүзілік Федерация қатарына енгендігі арқасында Қазақстанның дарынды балалары Халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысу ерекше мүмкіндігін алады,-дейді «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық байқауының директоры – Қ.Әбдікәрімова.

Міне сол қатысулар барысында біздің балалар әрдайым керемет нәтижелерге жетуде: АҚШта, Болғарияда, Латвияда, Литвада, Эстонияда, Ресейде, Белоруссияда, Түркменстанда, Тәджікстанда, Германияда, Кореяда, Польшада, Түркияда, Италияда, Португалияда, Чехияда, Францияда және Испанияда жеңіп алған гран-при және сыйлы орындар өзі үшін сөйлеп тұр емеспе?!

Конкрусты өткізіп жатқан жылдар ішінде дарынды өнер балаларды анықтау және дамыту бағытында көптеген жұмыс жасалды. Бұл жұмыс бір кезеңдік жұмыс емес екендігін айта кету қажет, ол осы жылдар бойы жоспарлы түрде әрдайым жасалып келген әрекет.

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық байқауының директоры - Қарлығаш Әбдікәрімова: «Роза Рымбаева, Кеңес Дүйсекеев, Лаки Кесоглу, Рамазан Стамғазиев, Зарема Кастеева, Гүлнара Саитова, Алтынбүбі Омарбекова, Валерий Григорьев сияқты үлке тұлғалардан құралған әділ қазылар алқасы үш күн бойы 82 ден астам әншілерді, 30-дан астам халықтық орындаушыларды және 46 би топтарының сайысын бағалайды»,-деді.

Конкурстың ашық аспан астында өткізілетіндігі оған балалар мейрамдарына тән демократиялылық, қағілездік және пәктілік қосады. Ашық түрлі түсті сахналық костюмдер, қатысушылардың сахнаға шығар алдындағы зейінді түрлері, олар үшін жанкүйер болып келген жақындарының қам жеп, олар үшін назасызданғандары, қатал және сынмен бақылап отырған жетекшілері мен ұстаздары, және де, әрине, әр бір ән мен биге қосылып, барлық орындаушыларды ынтамен қарсы алып отырған көрермендер – мұның бәрі ұмытылма ерекше көрініс.

Өзінің пайда болған кезінен бері «БОЗТОРҒАЙ» Балалар Шығармашылығы Халықаралық Конкурсы біздің еліміздің өнер өміріндегі ескерілетін көрінісіне айналды, әрібұл конкурсқа қатысу, абыройлы, мәртебелі іс болып саналады. «Бозторғай» лауреаты аталу, Қазақстан жас таланттарына өнер әлеміне жасағалы жатқан сапарларына лайықты өнер бастамасы бола тұра, оларға өмірлік жолдама ретінде қызметін көрсетеді,-деп толықтыра түсті Қ.Әбдікерімова.

Қарлығаш Әбдікәрімованың  айтуы бойынша, дәстүрлі «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық конкурсы Алматыда осымен жиырмасыншы рет өтпек болып отыр. Өткен жылдардағыдай, конкурс Алматы қаласының Орталық Демалыс Паркінде ашық алаңда орын алады. Алматы қаласына жас әншілер, бишілер, халық орындаушылары және сән театрлары Қазақстанның барлық аймақтарынан және Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Белорусиядан, Украинадан, Армениядан, Грузиядан, Азербайжаннан, Литвадан, Латвиядан, Болгариядан, Италиядан, Чехиядан, келмек. Конкурсқа 800 – ден аса бала қатысады,-деп хабарлады байқау директоры.

Связанные Статьи