Алматы қаласы Алмалы ауданында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығына орай соғыс ардагерлерінің құрметіне арналған мерекелік іс-шаралар кеңінен ұйымдастырып, ардагерлермен кездесулер жүргізілді.
Осыған байланысты, ауданның денсаулық сақтау мекемелерінде ашық есік күндері өткізілді. Жоспар бойынша ҰОС ардагерлеріне және қарт адамдарға кешенді медициналық тексеру мен стоматологиялық көмектер көрсетілді.
Ауданның барлық мектептерінде салтанатты шаралар, сыныптық сағаттар, «Шын жүректен» тақырыптық кештер өткізілді. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жалғыз басты қарттарға үйде көмек көрсетуге бағытталған «Тимуршылар қозғалысы» белсенді жүргізілді.
Бүгінгі таңда Алмалы ауданында 77 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектері, 3 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесірлері, 17 адам Ленинград блокадасына қатысқандар, 14 неміс концлагерінде тұтқында болғандар және 3177 тыл еңбеккерлері тұрады.
Сонымен қатар, зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру мен қарт адамдарға қамқорлық көрсету мақсатында, № 4 кітапхананың іргесінде ардагерлер мен қарттарға арналған компьютерлік курстар және А.П.Чехов атындағы орталық кітапханасының іргесінде шахмат клубы ашылды.
Осы орайда «Риксос» қонақүйінде Алмалы ауданы әкімінің мерекелік қабылдауы өткізілді. Оған аудан ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен дербес зейнеткерлері шақырылды.
Іс-шараның мақсаты: «Ардагерлерді ардақтайық» — «С заботой о старшем поколении» — жобасын іске асыру мақсатында және ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетуге және қарттардың құқықтарын қорғауға, қоғамдағы орнын дәріптеуді насихаттауға бағытталған.