«Астана Банкі» АҚ-тың лицензиясы тоқтатылды

/uploads/thumbnail/20180529151002252_small.jpg

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 89 қаулысымен  «Астана Банкі» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім банктік заңнама талаптарының бұзушылығына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы үшін қабылданды.

Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 53,0 млрд. теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,6%-ын құрайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи