А.Мұхамедиұлы «Рухани жаңғыру» логотипі жайында: Ұялатындай ештеңе жоқ

/uploads/thumbnail/20180531141059934_small.jpg

Министрдің айтуынша, суретте жүз пайыз сәйкестік жоқ.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Рухани жаңғыру» логотипіне қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Итиро Кавабатамен кездесу барысында министрдің киімінде түрлі-түсті қыранның бейнесі жарқырап тұрған.

«Бұл төс белгіні мен үлкен мақтанышпен тағып жүремін. Өте әдемі, эстетикалық талғаммен жасалған. Менің ойымша, бұл логотиптен біз ұялмауымыз керек. Эмблема адамдарға рух сыйлап, жігерлендіреді. Өздеріңіз көргендей, суретте жүз пайыз сәйкестік жоқ. Мен өзім көрдім. Кейбір жерлерінде ұқсастықтар бар, әрине, дегенмен түстері әр түрлі. Бұл мәселеде біреуді плагиат жасады деп айыптау дұрыс емес деп санаймын», - деп айтып өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Консервоторияда виолончель класын оқып бітірген министр өз сөзінде музыкалық нотадан үлгі келтірді. Министрдің айтуынша, бір-бірін мүлде танымайтын музыканттардың да өте ұқсас композициялары бар.

«Мысалы, музыкада жеті нота бар. Әрбір суретшінің өзіндік көзқарасы болады, кейбіреулерінің талғамы бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Француз суретшісі қазақтың суретшісінен көшіріп алды деп ата алмаймыз», - деп әзілдеді министр.

ҚР Мәдениет министрі елде қандай жағдай болса да халық тек «біздің отандастарымызды айыптауды» әдет қылғанды байқағанын да айтты.

Рухани жаңғыру

Айта кетейік, интернет желісінде «Рухани жаңғырудың» логотипіне қатысты дау туындап, оны француздық ұйымның суретімен салыстыра отырып, желі қолданушылары біршама сынның астына алған болатын.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мұны плагиат деп санамайтынын айтқан.

Связанные Статьи