Ким Чен Ын Ресей Сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

/uploads/thumbnail/20180531140857595_small.jpg

Оқшау ел Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ын Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ядролық қарудың түрлі сынақтарымен Әлемді елеңдеткен Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ын осымен үшінші шетелдік шендімен кездесу жасады. Ол бұған дейін Оңтүстік Корея президентімен 2 рет бейбіт аймақта кездессе, наурызда және мамырда Қытайға келіп кеткен. 

КХДР басшысымен Лавровтың кездесуі Пхеньянда болған. Лавровтың айтуынша КХДР-дан санкцияларды толықтай алып тастау шешілмейтін проблема емес.

Айта кетсек, Корей түбегі дағдарысы мәселесін оң шешілуі мүмкін. Саяси сарапшылар осы тұрғыда 12 маусымда Сингапурде өтетін Трамп пен Ким Чен Ын кездесуінен көп үміт күтеді.

Связанные Статьи