Белгілі продюсер, актер Нұртас Адамбай хитке айналған "Самая вышка" әнінің плагиат екенін мәлімдеді. Ол бұл жайында өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Самая вышка" әні - плагиат. Бұл әнге клип түсірер алдында жігіттерден авторлық құқық туралы сұраған болатынмын, олар авторлық құқық жағынан бәрі дұрыс деп айтты. Бірнеше күн бұрын Youtube желісінде "Нұртас Адамбай нені жасырып жүр" деген видеоны көзім шалып қалды. Содан ол жігіттердің әннің түпнұсқасының бірнеше ноталарын ауыстырып тастағанын білдім. Бізде жаңа таланттар танылуда деп қуана жазғаным есімде. Бірақ, олай емес екен", - деп жазады Нұртас Адамбай.