19 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы жарлыққа қол қойды. Ал алдағы жылы қалаға бөлінетін бюджет 183 миллиардқа ұлғаяды.
Бұл Хабар24 хабарлады.
—Қосымша қаражат жолдардың жөнделуіне, жаңа мектептердің салынуына, демалыс орындарының салынуына, жол тораптарына, автобус паркінің жаңаруына жұмсалады. Шымкентте тұрғын үй кешені салынады. Бұл - 5,5 мың «ақылды» пәтер. Шетелдік компания құрылысының алғашқы кезеңінде ғана 160 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. «Қала ішіндегі қала» шағын және орта бизнес объектілері, сауда және ойын-сауық орталықтары, емханалар, саябақтар, аллеялар мен демалыс аймақтары бар 12 тоқсаннан тұрады, - деді Шымкент қаласы құрылыс бөлім басшысы Әбілсейіт Рабаев.
Қалада жыл сайын 10 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Соған сай қалада жаңа 55 мектеп салынады. Әкімдіктегілердің айтуынша, қаланың республикалық маңызы бар қала атанауы экономикалық өсімге әсер етеді. Әлеуметтік және тұрғын үй салаларын қаржыландыру ұлғайтылатын болады. Инфрақұрылымды құрылыс жұмыстары күшейтілетін болады. Оның ішінде жарықты, газды және суды жүргізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізіледі. Биылғы жылдың соңына дейін қалада бірыңғай тегіс жол болады.
— Шымкент маңызы бар қала мәртебесін алғанға дейінгі бюджет 137 миллиардты құраған, қаланың өз кірісі – 64 млрд, қалған 35-37 млрд – облыстық бюджет, 18 миллиард - субвенциялар. Ал жаңа бюджет бойынша қаланың өз кірісі 87 млрдты құрайды, - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.
Оставить комментарий