Апта қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы әлсіреді

/uploads/thumbnail/20180622160320558_small.jpg

Ұлттық валюта бағамы KASE-тегі таңғы сауда қорытындысы бойынша бір долларға 340.47 теңгені құрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған дейінгі саудада доллар бағамы 340,11 теңге болатын.

22 маусымдағы таңғы сауданың алғашқы келісімі 341,18 теңгемен өтті. Максималды құны осылай қалса, минималды құны 339,65 теңгеге дейін төмендеді.

Сауданың жалпы көлемі 97,55 миллион долларды құрады.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 338-342,2 теңге аралығында жүріп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы Астана уақытымен сағат 15.30-да барелліне 74,11 долларға жеткен.

Связанные Статьи