Латвияның парламенті Жоғарғы оқу орындарындағы заңға түзетулер енгізді. Түзетулерге сәйкес, елдегі жеке меншік білім беру орталықтары, оның ішінде университеттер мен колледждерде сабақтар орыс тілінде оқытылмайды.
Бұл Заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұған дейін Латвияда мемлекеттік оқу орындарында орыс тілінде сабақ жүргізуге тыйым салынған болатын. Елдің Білім және ғылым министрлігіндегілердің айтуынша, мемлекет елдегі білім жүйесіне жауап беретіндіктен және министрлік білім беру бағдарламаларын бір жүйеге түсіріп, бағдарламаларды бекітетіндіктен білімнің де қай тілде жүргізілетінін де министрлік шешеді.
Оставить комментарий