Илон Маск OpenAI компаниясын сотқа беріп, 150 миллиард доллар талап етті

/uploads/thumbnail/20260504112953834_big.webp SM

Илон Маск OpenAI компаниясын сотқа беріп, 150 миллиард доллар талап етті. Сот ісі екінші аптаға жалғасып жатыр. 

АҚШ-тың Калифорния штатында Илон Маск пен OpenAI арасындағы сот ісі жалғасып жатыр. Іс барысында OpenAI тең құрылтайшысы Грег Брокман жауап беруде, ал Сэм Альтман кейінірек куәлік етуі мүмкін.

Маск OpenAI-ды қайтадан коммерциялық емес ұйымға айналдыруды талап етуде. Оның айтуынша, жасанды интеллект тек пайда үшін емес, адамзат қауіпсіздігі үшін дамуы тиіс.

Сарапшылар бұл істің нәтижесі жаһандық AI нарығына әсер етуі мүмкін екенін айтады. Егер талап қанағаттандырылса, OpenAI-дың болашағы мен бүкіл технологиялық бәсеке бағыты өзгеруі ықтимал.

Сотта Маск жеңсе ЖИ компаниялардың құрылымы өзгеруі мүмкін. Пайданы көздемейтін (non-profit) ЖИ мен пайданы көздейтін ЖИ (for-profit AI) дауы күшейеді деген болжам бар. Бүкіл ЖИ бизнес модель қайта жазылуы мүмкін.
 
Егер Маск жеңілсе OpenAI моделі “жаңа стандарт” болып қалады.
 
Жасанды интеллект толық капиталистік индустрия ретінде бекітіледі.

 

Связанные Статьи