Зорлық көрген 6 жасар қыздың үйіне барғанымыз рас - Білім басқармасы

/uploads/thumbnail/20180810104149398_small.jpg

Алматы облысы Қарасай ауданындағы кәмелет жасқа толмаған жасөспірім зорлап кеткен 6 жасар қызға қатысты Қарасай аудандық Білім бөлімі басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат Айман Омарова аудандық Білім бөлімі басқармасының мамандары, мектеп директоры және зорлық жасаған баланың туыстары жәбір көрген бүлдіршіннің ата-анасына қайта-қайта келіп, жасөспірімге кешірім беруін талап еткені жайында айтқан болатын. Қарасай аудандық Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы маманы Әсет Төленұлының айтуынша, олар зорлық көрсеткен балаға кешірім талап етпеген.

«Қыздың үйіне барғанымыз рас. Бірақ біз қыздың ата-анасынан барып кешірім сұраған жоқпыз, ондай болған жоқ. Бірінші рет барған кезімізде үйінде әкесі болмады, содан кешке қарай екінші рет бардық. Алайда біз онда тек қыздың жағдайын білу үшін ғана барған едік. Басқа ештеңе сұраған жоқпыз», - дейді Әсет Төленұлы.

Естеріңізге сала кетейік, біз сайтымызда өткен аптада 15-16 жас шамасындағы кәмелет жасқа толмаған бала 6 жасар қызға зорлық көрсеткені жайында жазған болатынбыз. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи