Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) Instagram парақшасында келесі жекпе-жегі шамамен қай күні өтетінін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегін негізге алып.
«Келесі жекпе-жек қазан айына жоспарланған», - деп жазды боксшы.
Еске салсақ, жерлесіміз 4 тамыз күні Кардиффтегі (Уэльс) Ice Arena Wales аренасында өткен бокс кешінде мажарстандық Габор Горбичті (24-12, 14 КО) жеңген болатын. Алайда Данияр жекпе-жек қорытындысына көңілі толмай, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлағанын айтқан болатын. Кейін Елеусіновтің BoxRec.com сайтындағы рейтингі шарықтап, бірден 75 саты жоғарылады.
Оставить комментарий