Бибігүл Дәулетбекқызы: Жетер, әншілерді аспандатқанымыз...

/uploads/thumbnail/20180810121552228_small.jpg

Назерке Семей танымал әншінің ұрлық қылғанын айтқаннан кейін  Салтанат Бақаева жас ақынға хабарласқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы фейсбук парақшасына жазған.

"Кешегі ақын Назерке Семейдің жанайқайын инстаграм мен фейсбукке жариялағаннан соң, бүгін әнші Салтанат Бақаева ақын қызға телефон шалыпты. Назерке ертеңгі күні дәлелім болмай қалар деген қорқынышпен ("қазіргі кезде барлығын күтуге болады. Сондықтан сөзімді дәлелдейтін факт керек",- дейді Назерке Семей) ол екеуара сөздерін телефонның диктофонына жазып алыпты. Он жеті минут сөйлескен әңгімеден әншінің бір рет болса да кешірім сұраған сөзін ести алмадым. Өкінішті. Керісінше ақын қызға сөз бермей, шүйлігуде. Ол ол ма, инстаграм парақшасына өзін ақтап, Назеркені даттаған постын салады. Оқырмандар жас ақын қыздың жер-жебіріне жетіп пікірлерін қалдырған. 
"Байғұс көніп, бетпақ жеңдім" дегені ме бұл сондағысы?!
Жә, өзара шешсін деуге де болатын еді. Егер Салтанат Бақаева: "Назерке, кешірші... Сен арқылы нанымды тауып, еліме сыйым артуда" деп жатса? Жо-оқ...Керісінше...
"Мен арқылы өзіңе хайп жасап жатырмысың, а?!"
"Мені көре алмайсың..."(несін көре алмайды екен? Осы әншілер қызық. Ол - әнші. Назерке - ақын емес пе?)
"Саған пиар керек болып тұр. Мен арқылы танылғың келіп жүргендердің біреуісің!" дей келе, ақын қыздың сөзін аяғына дейін естімей, телефон тұтқасын лақтыра салады. 
Ау, Салтанат! Этика қайда?! 
Сенің өтірігің баттиып шығуда. 
Біріншіден, "Мен композитор Ерханға "Әгугәй"-дің қаламақысын төледім" депсің. Ал, Ерхан інішек: "Маған ешкім қаламақы берген жоқ" дейді. Кімге сенеміз? Екі адам қаламақысын алмағанын айтуда. Ақын және сазгер. 
Екіншіден, "Әдемі-ай" әнін жазар кезде ақшам болмады" депсің. Қалайша болмады?! Сенің бір тойға емес, инстаграмдағы парақшаңда елуден аса тойың жүр. Барлығы "Әгугәй" әнінің арқасы. Сол ән арқылы қалтаңды қалыңдаттың. Оны сен тегін жүргізбейсің. Солай ма? 
Тере берсең көп нәрсе шығайын деп тұр. 
Білесің бе, мен сенің орныңда болсам не істерімді?! 
Дәл осындай керемет әннің арқасында халық ықыласына бөленіп жүрсем, еһ, шіркін, сазгер жас жігіт Ерхан мен жас ақын Назеркені қолтықтап ел-елді аралатар едім. Сазгерге басқа әншілер секілді көлік мінгізбесем де, қымбат сағат, ал ақын қыздың саусағына гауһар тастан жасалынған жүзігін таға қояр едім. Егер осы екеуі болмағанда дәл бүгін сен отбасыңмен Мысыр елінде жүрмеген болар ма едің, кім білсін?! 
Түс жерге айналайын, түсе ғой... Жерде де әдемі қарапайым халық бар. Жап-жас болып құнықпа ақшаға! Сүйкіміңді кетірме. 
Талай әншілерді көрдік. Көріп те келеміз. Жарқыраған жұлдыздай болып, демнің арасында сөніп кеткенін. Сол әншілер қайта тұруға аяқтары дірілдеп тұра алмай да жатыр. Бәлкім, біреудің назасына да қалған болар солар, шайтан біліп пе?! Халық - көтереді. Керек десең өзі демнің арасында жерге түсіріп жібереді. 
Уот, солай...
P.S: Шырылдаған жас ақын Назерке мына видеоны жіберіпті. Ақты ақ, қараны қара деп қарайтын уақыт келді. Жетер әншілерді аспандатқанымыз. 
Кешегі постан кейін әншілерге өлеңнің мәтінін жазып беріп жүрген ақындарымыз да ышқына жазуда. Енді олардың пікірлерін оқысаңыз, жүрегіңіз ауырып кетеді", дейді Бибігүл Дәулетбекқызы. 
 
Еске салсақ, Назерке Семей атты ақын Салтанат Бақаеваны "ән ұрлады" деп айыптаған болатын. Ал танымал әнші өз кезегінде, "Назерке Семейдің маған таққан айыбы негізсіз", - деп жауап берді. 
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи