Бүгінде Қазақстанда банкке қарызы жоқ адам кемде-кем, тіпті жоқ деуге де болады. Дүкеннен нан алғандай несиеге оңай қол жеткізіп жүрген қазақстандықтар жалпы сомасы 6 триллион теңге қарыз екен. Бұл туралы tengrinews.kz порталы Ranking.kz зерттеуіне сүйеніп хабарлады.
Жеке тұлғалардың несие бойынша жиынтық қарызы 2018 жылдың маусымының аяғында 5,6 триллион теңгені құрады. Өткен айға қарағанда 2,3 пайызға жоғары.
Сарапшылардың мәліметінше, бөлшек қарыздардың жартысынан астамы салық салынбайтын несиелер, олардың үлесі бір айда 51,3 пайыздан 51,7-ге бірақ өскен.
Бөлшек несие беру құрылымы бойынша онлайн-компаниялардың үлесі маусым бойынша 2 пайызды ғана құрады, ол ағымдағы жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
2018 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы ең жоғарғы көрсеткіш наурызда байқалды – 4,1 пайыз.
Онлайн-компаниялар ғаламтор арқылы жедел түрде қарыз алу үлгісін ұсынады. Кіші пайыздық мөлшерлемесі 0,25 пайыздан 1 пайызға дейін түрленеді.
Қарыз беру уақыты – 1 айға дейін (30-31 күн). Ең азы – 21, көбі – 365 күн.
16 шілдеде Ұлттық банк онлайн-несиелеу жүйесін ретке келтіру заңнамасына түзетулер енгізу мәселесін енгізді. Сарапшылардың айтуынша, онда 100 пайыз жылдық мөлшерлемеге шектік уақыт бекітілді.
Оставить комментарий