Өзіміздің қазақтардың этно-ауылда тазы итті қалай қорлағанын көріп, көңіл-күйім түсіп, ұялып кеттім. Мұндай кездері жақсы ойлана алмай қаламын да жақсы нәтижеге жету үшін заң, тәртіп пен нормаларға қарсы жүргім келеді.

Егер елде мұндай адамдардың саны аз болса, келешек ұрпаққа өмір сүру оңай болушы еді. Елден де ешкім кетпеуші еді.
Ұлтымызға не болған? Төменге қарай сырғып барамыз.
Мұндай кездері ойыма бір сұрақ оралады да тұрады. Бұл кімге тиімді болуы мүмкін?

Қазақтар тазы итті жеті қазынаның біріне жатқызады. Иттердің барлық түрінен тек тазыларға ғана киіз үйде ұйықтауға рұқсат етілген.
Ата-бабаларымыз тәуелсіз елде жасап жатқан осы істерімізді көрсе бәрімізді қамшымен сабаушы еді.
Алмаз Ержан