"Өзіңе сен" әніне бейнебаян түсірген жарық жұлдызға тыңдармандар дән риза (видео)

/uploads/thumbnail/20181010172810567_small.png

Танымал жас жұлдыз Данэлия Тулешованың бейнебаяны жарыққа шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. "Өзіңе сен" әніне түсірген бейнебаянды әнші өзінің Youtube парақшасына жариялаған.  Аталмыш бейнебаянды бір күннің ішінде 43 мыңнан астам адам тамашалап, 800-ге жуық пікір қалдырыпты. Жас та болса көпшіліктің жүрегінен орын ала білген жарық жұлдызға тыңдармандар дән риза болып, бейнебаянға жақсы баға беруде.  

Еске салсақ жас әнші "Балалар Евровидениесінде" Қазақстанның намысын қорғайды. Осы байқауға байланысты Данэлия Тулешова алғашқы бейнебаянын Шарын шатқалында түсірген. Жас әншінің сөзіне сүйенсек, бейнебаянды түсіру үшін бір күн уақыт кеткен әрі ұзақ жол жүрген. 

Связанные Статьи