ПУТИНГЕ ЖАУАП (толық нұсқа)

/uploads/thumbnail/20170708174035731_small.jpg

Соңғы ғасырларда Алласын ұмытып, Атасынан безген кейбір  көршілеріміздің «безбүйрек» ұлдары қазақ даласына көз алартумен келеді. Солардың бірі шығысымызда... Біздің бұл қауіпіміз негізсіз емес. Қытайлықтар соңғы уақытта қазақ шекарасына таяу аймақтарын «қытайландыру» саясатымен табанды түрде айналысып, миллиондаған халқы бар қала салды. Қытай экономикасы елімізге дендеп еніп, тіпті мұнайгаз секторында үстемдік алуға қол жеткізді. Бізді ойландыруға тиіс тағы бір мәселе, күні кеше Ресей Қырымды Украинадан бөліп алып, аннекциялағанда, Ресейдің бұл әрекетін бүкіл әлем елдерінің қолдамағанына қарамастан Қытай Ресейді жақтап шықты. Тарихқа жүгінсек, Х1Х ғасырдың аяғында осы екі ел қазақ даласын бөліске салып, қазақтың көптеген ежелгі аймақтары қытайда қалған болатын. Қытай жағы оған да місе тұтпай келеді. Қытай төрағасы Дың Шаупың таңдамалы шығармасында: «Батысқа қарай мың бес жүз шақырым жеріміз бар, бірақ ол ойланатын мәселе» деп жазды. Олар кейде «Балқашқа дейінгі жер біздікі» дейтіндерін әлдеқашаннан бері естіп келеміз. Олардың мектепке арналған оқулықтарының тарих картасында қазақтың бірталай жері қытайға тиесілі деп сызылған. Біз қаншалықты тәуелсіз елміз дегенімізбен, олардың картасындағы «сызықты» өзгерте алмай келеміз. Егер біз бұған көз жұма қарап, алдын алу шарасын алмай, ұрпақ санасына осы ойды сіңіріп алсақ, қаптаған Қытайға қарсы тұру қиынға соғатыны сөзсіз.

Солтүстіктегі көршіміз олардан да асып түсуде. 1961 жылы КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары Н.Хрущев Қазақстанды бөлшектеу мақсатында еліміздің Солтүстігіндегі бес облысты Ресейге, Шымкентті Өзбекістанға, Маңғыстауды Түркменістанға беру жөнінде мәселе көтерді. Алайда, ол сол кездегі Қаз ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Ташеновтың ССРО Конституциясын басшылыққа алып, Қазақ жерінің  ешкімге берілмейтінін айтып қасқайып қарсы тұрған қарсылығына тап болды. Кектенген Хрущев екі айға да  жеткізбей Ж.Ташеновты орнынан алып Шымкентке облыстық Атқару Комитетінің орынбасары етіп жіберді. Ел үшін, жер үшін мансабынан баз кешкен Ж.Ташеновтың  бұл  ерлігі ел арасында аса жоғары бағалануда, үкіметтің қаулысынсыз-ақ оған бүкіл Қазақ халқы «Халық батыры» деген атақ берді. Бір өкініштісі, Қазақстан билігінің бұл атақты Мемлекеттік деңгейде мойындап, бекітуге шамалары жетпей келеді.

Хрущевтен кейін бұл әңгімені М.Горбачев пен А.Солженицын бықсытты. А. Солженицынның «Бiз Ресейдiң көсегесін қалай көгертеміз?» деген публицистикалық толғауында «Балтық жағалауындағы үш, Кавказдық үш, орта азиялық төрт, егер шынымен Романдарға бүйрегі бұрылып тұрса, Молдавияны және дені қазақтардан құралатын оңтүстік-батыс Қазақстанды («көріпкел» мұнда Шымкент, Қызылорда, Атырауды меңзеп отыр – М.Қ.) өз бетімен коя беріп», «орыстілді төрт мемлекеттен (РФ, Украина, Белоруссия және орталық батыс, солтүстік Қазақстан) құралатын «Славян одағын құру» платформасын ұсынды.

А.Солженицын 1992 жылы күзде Н.Говорухин екеуі өткізген телесұхбаты кезінде, Қазақстан туралы сөз болғанда: «Не деп тұрсың, Қазақстан деген орыстілді халық емес пе? «Түптің-түбінде бәрібір біртұтас ұлт болып кетеміз деп үміттенген коммунистердің мылжыңдығынан ел болып, үлкен территорияға ие болып қалғаны болмаса… Қазақтың малының тұяғы басқан жердің бәрі неге қазақтікі болмақ?» – деген еді. Бұл сарын Ресей саясаткерлері мен қайсыбір тарихшы, журналистерінің аузынан әлі күнге түспей келеді. Солженицын мақаласының негізгі түйінінде: «Малороссов дейсің бе, Велико-Россов, мейлі Белороссов» дейсің бе, бәрібір бұл төрттік түптің-түбінде «Русь», «Российский Союз» аталады», – деп кесіп-пішіп айтқан болатын.

          Ол аталған жазбасында КСРО құрамындағы: украин, беларусь, басқа да үлкенді-кішілі халықтарды Ресейсіз күн көре алмайтындар деген сыңайда бағалады.

         Ал осы Солженицынды кім дейтін болсақ, орыс жазушысы Г. Климов ол жайлы былай депті (кейбір үзіндіні түпнұсқа күйінде беріп отырмыз): «Мотором, приводяшим в движение творческий процесс полуеврея Солженицына, очевидно, является психическая болезнь – «Комплекс мессии» или же «Мания реформаторства» («Красная кабала»). Одан кейін: «...Его отец был евреем-выкрестом, из Исаака стал Исаем, и вот таким образом получился Александр Исаевич Солженицын», – деді. «Исаевичтің» атасы Семен Ефимович, әкесі Исаак Семенович, шешесі Таисия Захаровна Щербак та еврей-выкрест (өзге дінге енуші) екен».

          Ол АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) тапсырысымен, шет елдерді аралай «ән салып» жүріп, КСРО-ға қарсы өзінің жазғаны, өзгеге жаздыртқаны бар – жиыны 1500 шамалы кітап шығартқан.

          Қысқасы, ол жариясыз миллионер болып, 1976-жылы Американың Вермонты қаласында тұрақтаған. Шындығында, ол сол заманның тілімен айтқанда, өз еліне қарсы жан аямай күрескендіктен, бар өмірін түрме мен айдауда өткізген. Ол Кеңестік Одақ үшін аса қауіпті қылмыскер болатын. Алайда, Ресей сол Солженицынды Одақ ыдыраған бойда елге шақырып иығына «шапан» жауып, үлкен құрмет көрсетті.

          Ресейдің, орыс халқының жалғыз жанашырынша сайрап жүрген әлгі... «шешем – орыс, әкем – заңгер» дейтін жерлесіміз В. Жириновский және қазаққа қарсы басқа шуылдақтар да сол «дядяларынан» үлгі алды (жерлесіміздің шын аты-жөні – Владимир Вольфович Эйдельштейн. Ол әкесінің «Вольф Исакович» екенін де жасырып, «Вольф Андреевич» деп жазыпты).

           Ресей шовинизмінің бір мүйізін ұстап жүретін осы Жириновский қазақтарды әлсін-әлсін мазақ етумен келеді:

     -  Қазақстан тәуелсіздік алып, Көк байрағын көкке желбіреткенде, Жириновский ашу-ызадан жарылардай болып Қазақтың көк байрағын отқа өртеді.

      -   «Қазақстан деген ел адамзат тарихында болмаған. Мына өзбектерде ең болмаса Үргеніш, Бұхара секілді қалалар болды. Хандық болды. Ал оңтүстік–Сібірде ештеңе болған жоқ. Бұл Сталиннің ойдан шығарған қиялы. Қазақтарда не мемлекет, не жер болған емес. Қазақстанның солтүстік облыстарының барлығы дерлік орыстың жері».

     -   Кейінірек, Жириновский қазақтың қара домбырасын «екі ішек, бір таяқ» деп мазақ етті. Тақыр далада ертеден кеш, не тұшымды сөзі жоқ, қазақтың аңыраған әнінен басқаға жарамайтын қу таяқ деп залдағы жұртты мәз қылды.  «Қазақ тілі деген не өзі? Жазба әдебиеті болмаған  ұлтта қайдағы тіл?» деп тілдеді.

      -    Қазақтар туралы мазақ сөздері интернеттің ермегіне айналды. «Олар» дейді видео роликтің бір тұсында, (бізді, қазақтарды айтады), «бабалары жабайы, қыдырымпаз, көшеді де  жүреді, тұрақты мекендері жоқ, қолдарындағы ағаштарын (домбыра) сабалап, өздері айтып, өздері мәз халықтың бүгінгі ұрпақтары солар... Мәдениеттен жұрдай» деп мысқылдады.

      - Қазақтарға жаппаған жаласы, артпаған кінәсі жоқ. Ұмытпасам Ресейдің Президеттік сайлауына түсіп жатқан кезі болса керек, Қазақстандағы орыстардың «қиын» жағдайын ашына айтып «Жатақханаларда, мәдени орындарда т.б. көптеген жерлерде орыс  ұлтына қысым жасалуда. Орыс мүддесі Қазақстанда аяқ асты етіліп жатыр», - деп байбалам салып өзеуреп, екі иығын жұлып жеді.

     -    В. Жириновский  тек қана жалғыз қазақтарға тиісіп отырған жоқ.  Тарпаңдығын көрсетіп, «ноқтаға» басын сұққысы келмеген Украинаға  қарата айтқан мына бір сөзіне назар аудармай көріңіз. «Балақайлар, ойындарың қанған болар. Бірдеңеге ұрынып қалмай тұрғанда тезірек үйге қайтыңдар. Әлі де кеш емес, еркеліктеріңді кешіреміз» деп соқты.

      -    Қырғызстанда қырғын болып жатқанда: «Бұлар өз беттерімен (оның ішінде бізде бармыз) ел бола алмайды деп мен айтқалы қашан. Күні ертең бәрі де келеді қыңсылап. Соғыс өртін өршітпеу үшін Қырғыздарды тез арада Ресейдің автономиясы етуіміз керек» деп өзеуреді.

        -  «Демек, олар жерін беруге дайын. Шындығында, Қырғызстанда пайдалы қазбалар ғана емес, басқа да нәрселер бар... Су ресурстарын пайдалануға болады. Егер олар ешнәрсе бергісі келмесе... Ыстық көлді берсін», – деп мәлімдеді. Оның сөзінше сайлау науқаны кезінде Қырғызстан президенттігіне кейбір үміткерлер алдын ала Ресейге «тұтас облысты» беремін деп (егер Ресей тарапы билікке келуге көмектессе) уәде еткен көрінеді.

           «Ит үреді, керуен көшеді» десек те, оның айтып жүргендері жанды жаралайтын өте ауыр сөздер!!! Қарап тұрсаң оған бәрін айтуға құқық берілгендей. Ал бізден біреу шығып айтып көрсінші тап осылай. Ұлт араздығын қоздырушы ұлтшыл, фашист,  террорист атанып, құйрығына қалжауыр байланып, әлдеқашан «зынданға» тасталған болар еді. Жириновский болса аузына не келсе соны оттап, ақпанда құтырған адуынды бурадай көбігі көкке шапшып әлі жүр.

            Қырғызстан Парламенті РФ Мемлекеттік думасының депутаты, вице спикері, РЛДП көшбасшысы Владимир Жириновскийді «нон грата» тұлғасы деп жариялап, елдің Сыртқы істер министрлігіне оны республика аумағына кіргізбеу туралы мәселе қойды. Жоғарғы Кеңеш депутаттары мәжілісте ұсынысты қолдап қаулы қабылдады.

          Айта кетейік, бұдан бұрын Латвия мен Украина да Владимир Жириновскийді «нон грата» тұлғасы деп жариялаған болатын.

       Тарихқа шегініс жасасақ, Алаш Орда арыстарын түгелдей қырғынға ұшыратып, қолдан қасақана аштық ұйымдастырып, қазақ даласын қанға бояған Голощекин де ебрей болатын. Осы қырғында Қазақ елі өзінің үштен екі бөлігінен айрылды, яғни алты миллион адамнан, бар жоғы бір миллион тоғыз жүз мыңдай адам қалған. Қазақстан тәуелсіз ел болды дегенде, ашу-ызадан жарылардай болып Қазақтың Көк байрағын отқа  өртеген мына Жириновский де ебрей. Осылардың бәрі кездейсоқтық болуы мүмкін бе? деген сұрақтың өз-өзінен туындап тұрғаны анық.

          Сонымен Жириновский деген кім? Ол – идеясын өлермендікпен қорғауға бар, кіші ұлттарға жиіркенішін жасырмайтын «ұлы халықтың ұлтжанды» ұлдарының бірі. Оған диалогтың, сұхбаттың шырқын бұзу (әрине, қызу пікір-талас кезінде), қолына түскен заттың кез келгенін қару етіп қарсыласын «ықтырып» алу ерлікпен пара-пар. Бұл сөзімізге дәлелді алыстан іздеп әуреге түсудің қажеті жоқ. Күнделікті Ресей телеарналарындағы өзекті проблемаларды көтерген телешоулардан, тікелей эфирлерден Жириновскийдің ызалы дауысын, қышырлаған тісін, қалшылдаған қолын, әлдекімге кектенген жанарын көрсең жетіп жатыр. Грузияға қарата айтылған боқтық аралас сөзіне де «тәйт» деген бір адам болған  жоқ. Ресей билігі  сөзін қолдағасын қонышынан басумен келеді. Әйтпесе, сол Жириновскийдің орнында өзге ұлт өкілдері, тіпті сол орыс ұлтының өзінен-ақ болсыншы, олардың еш қайсысын бұлай тайраңдатып қоймаған болар еді. Бұдан шығатын қорытынды, бүгінгі Ресей билігінің тұтқасын ұстап отырғандар таза  Орыс емес, Ебрей лоббистері. Мен білетін ежелгі орыстардың мәдениеті, білімі, ақыл – парасаты мен әділеттілігі аса жоғары деңгейде болатын.

        Жириновский –Эйдельштеин 6.10.1990 жылы КГБ мен байланысы болғаны үшін ЛДПСС қатарынан шығарылған. Ресей  Президенттігіне үш рет талпынған саясаткер, РЛДП фракциясының төрағасы, Дума депутаты, Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі. Демек, оны Ресейдің ресми өкілі деуге толық негіз бар. Сондықтан, ол ойына келгенін сандырақтап жүрген көшедегі қаңғыбас емес, Кремль көсемдерінің көксегенін жеткізуші десек қателеспейміз.

        Ал, Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс облыстарын Ресейге қайтару керек» деп сілтеген жазушы Э. Лимонов ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ресейге жолдаған қарсылық нотасына пысқырып та қарамай, тіпті одан да асып түсіп, Қазақ елін мазақ еткендей жауап қайтарды.

        «Украина туралы айта отырып, сөздің арасында орыстар негізін қалап және сонда тұрып жатқан, КССРО ыдырағаннан кейін қазақ аумағында қалып қойған Ресейлік қалалар Ресейге қайтарылуға тиіс және Ресейдің оларды кері талап етуге құқығы бар деп айтқаныма Қазақстан ашуланыпты. Айталық, бұрын Жайық (Яик, Яицкий) қалашығы деп аталған, айтпақшы, Пугачев көтерілісінің орталығы болған Орал (Уральск) қаласы, сұмдық-ай, неге ол Қазақстанға тиесілі болуы керек? Немесе Актюбинск, Немесе Петропавловск, немесе Семипалатинск, немесе Павлодар, немесе Усть-Каменогорск... Бұлар - орыс қалалары. Қазақтарда қала мүлдем болмаған, олардың мәдениеті көУИшпенділік».

        9 сәуір 2014  жылы Ресей Федерациясы құрамындағы Хакасия Парламентінің төрағасы В. Штыгашев Казақстанның  бес облысына Ресейдің тарихы хұқығы бар деп арандатушылық мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдеме әлемнің көптеген БАҚ-тарында жарияланды.

        5 шілде 2014 жылы Сергей Аксенов «Совободная Пресса» газеті арқылы Қазақстан Елбасына және оның халқына «Өз еріктерімізбен Ресейге қосылуды, егер оны жасамасақ, бізге де Қырым мен Донбасстың жолын қуасыңдар» - деп ашықтан ашық қоқан лоққы жасаған үндеуін жариялады (Федеральный выпуск «Добрый Совет Елбасы»).

         Түсініктеме: Сергей Аксенов, орыс саясаткері, Қырымды Украинадан бөліп Ресейге қосуды ұйымдастырған, 17.03.2014 ж. бастап Қырым Министрлер Кеңесі төрағасының міндетін уақытша атқарушы. Қырым кризисін ұйымдастырғаны үшін Путиннің жарлығымен «За заслуги перед Отечеством» орденімен марапатталған.

       25 шілде 2014 жылы Украина ІІМ кеңесшісі Зорян Шкиряк Ресей Коммунистік партиясының төрағасы Г.Зюгановтың және ЛДПР төрағасы В. Жириновскийдің террорлық ұйымдарды қаржыландырғандары және 2014  жылдың май айында Украинаның 8 облысын Ресейдікі деп мәлімдеуді ұсынғандары үшін, үстерінен қылмыстық іс қозғағандарын мәлімдеді.

        Орыстың тарихшысы  А. Б. Широкоградов «Утерянные земли Россий: отколовшиеся республики» атты кітабында (Мәскеу. «Вече» баспасы, 2008 жыл) былай деп жазады. «Ежелден Ресейге тиесілі, көне заманнан Ресейдің жері болып келе жатқан біраз аймақ КССРО тараған кезде, өкінішке қарай, Украинада, Қазақстанда, Түрікменстанда қалып қойыпты. А.Б.Широкоградовтың дәлелдеуінше, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанның қазіргі жерлері 1620 жылдан бері қарай Ресей жері екен. 1620 жылы бұл жерлердің Ресейдікі екені құжат жүзінде айғақталыпты – мыс. Ал оның алдында ше? Оның алдындағы замандарда да бұл жерлер орыстікі екен. Автор «енді не істеу керек?» деп сұрақ қойып, оған жауапты өзі беріп, бұл жерлерді қайтарып алу керек депті. Бірақ  қалай қайтарып алудың жолын көрсетпеген. «...бұл жерлер Ресейге қайтарылмайынша, біздің (көпше түрде, бүкіл Ресейліктердің атынан сөйлейді) тыныш ұйықтай алмайтынымыз анық депті».

        Өздеріңіз көріп отырғандай Ресей шовинистері қазақ даласына көз алартқанын ешқашан тоқтатқан емес. Сонау ХҮ111 ғасырдың басынан бастап Орыс патшалығы Қазақ жерін жаулап алғалы бері қазақ халқының өз ата мекендерін қорғау жолында басқыншыларға қарсы ұлт азаттық соғысы 300 жыл бойы бір сәтке де толастаған емес. Осы жолда сан миллиондаған ата-бабаларымыздың қаны төгілді. Тәуелсіз ел болғанымызға да міне ширек ғасырға таяп қалыпты. Алай да олар әлі де сол шовинистік пиғылдарынан бас тартпай келеді. Жоғарыда көрсеткендерімнен де басқа Оралдағы казактар салған лаңды, Өскемендегі Пугачевтардың (қазақстандағы орыстардың көтерілісін ұйымдастыруға әрекеттенген) іс-әрекетін, Кеңес одағының бірінші және соңғы президенті, соңғы бас хатшы М.Горбачевтің Қазақстанның бес облысы Ресейдікі деп көз алартқанын, осыны малданған Бүкілодақтық казактар ұйымы дейтіндердің Оралда, Көкшетауда, Ермакта (Ақсу), Павлодарда, Өскеменде, Алматыда тағы басқа да қалаларымызда неше түрлі арандату жиындарын өткізгенін  еске алсақ, Ресейдің шынында да ұйықтай алмай жүргендеріне сенбеске ылажымыз жоқ.

        Биылғы, 2014 жылдың 9 мамыры күні Қазақстанның облыс орталықтары Орал қаласы (Батыс Қазақстан)  мен Қызылжардағы (Солтүстік Қазақстан) орыс ұлтының өкілдері  көшеге Кеңес одағы мен Ресейдің жалауын ұстап шыққандары жайлы Қазақстанның қазақ тілді басылымдары ашына жазды.

        «Шеру мен, арандату ма? 9 мамыр күні Орал мен Петропавлда (Қызылжар М.Қ.) біреулер шеруге Ресей мен КССРО-ның туын көтеріп шықты. Шерушілер машиналарына бұрынғы Кеңес Одағының гербіндегі орақ пен балғаның суретін салып, «СССР. Наши идут», «За Сталина!», «Спасибо деду, за победу» деген ұрандар жазып алған. Шеруге 70-тен астам автокөлік қатысқан.

        Шерушілер қаланың орталық көшесімен жүріп, «Біз Сталин үшін, біз Ресей үшін!» деп ұрандаған.

        Саясаттанушы Айдос Сырым «Жеңіс мейрамының қоғамды дүрліктіретін, халықтың алаңдатушылығын тудыратын мерекеге айналып бара жатқаны – ойланатын нәрсе» дейді. (Өмір-ай газеті. № 19 (182) 14 мамыр 2014 жыл).

        Бір қызығы, автор (Широкоградов) өз еңбегінде, Өзінің ежелгі жерін, түу түпкі заманнан бері ата-бабалары жайлаған киелі қонысты Ресейге беріп қойып, қазақтардың қалай тыныш ұйықтап жүргендері жөнінде ләм-мим демепті...

         Қытай мен Ресейлік ғалымдардың және олардың басшыларының осы сөздерінен кейін (бәрібір тыныш ұйықтай алмай жүр екенсіңдер) бізде сіздерді бұрынғыдан да бетер ұйықтамайтын етейік.

         Біздің ғұлама бабамыз Махмұд Қашқаридың 1072-1078 жылдар арасында сызылған «Әлемнің домалақ картасы» атты еңбегі бар. Онда Көне Шығыстың (қазақтың) шекарасы, қала, жер-су аттары анық көрсетілген. Тарихты тіміскілеген орыс тарихшыларына, әдебиетшілері мен саясаткерлеріне  (Широкоградов, Лимонов, Жириновский, Штыгашев, Аксенов т.т.) осы картаны бір қарап шығуға кеңес беремін.

         Қазақтың атамекенін жаулап, өздерінің Ата жұртына (Қазық жұртқа) қиянат жасаған Патшалық Ресей мен Кеңес үкіметінің (СССР) жағдайы баршамызға белгілі. Патшалық Ресей миллиондаған жазықсыз жандардың басын «жалмауыздай жалмап» барып, өз қанына өзі тұншықты. Ал Кеңес (Ленин) үкіметінің бар ғұмыры  жетпіс жылға да жетпей «аяғы аспаннан» келіп, желкесі қиылды. Осы қырғындарды ұйымдастырғандардың барлығы дерлік, Адам сияқты (артына ұрпақ пен жақсы аттарын қалдыру) өмірдің қызығын көре алмай, азапты өмір кешті, азаппен өлді.

         Қазақ жерін жаулаймын деп 200 жыл бойы қазаққа тыныштық бермей жанталасқандардың тағы бірі Жоңғар болатын. Сол Жоңғардан бұл күнде «Жоңғар жоталары» деген атпен жалғыз жота мен осы аттас жалғыз кітап қалды. Өзгенің жеріне, әсіресе Ата жұртқа көз алартқандардың шығатын «шыңы» осы. Мұндай жағдай, яғни Ата жұртқа қиянат жасау бұрында да сан рет болған. Бәрінің де арты осылай аяқталды. Әлі де солай аяқталады. Бұған ешкімнің күмәні болмасын.

         Қоғамда, адамда тарихпен тәрбиеленеді. Кемелдікке қоғамда, адамда өткен тарихтан тағлым алып барып жетеді. Сондықтан, Қазақстанның барлық тарихшылары мен ғалымдары, менің төмендегідей  келтірген дәлелдерімді ой елегінен өткізіп, саралап, әділ бағасын беріп, бүгінгі Қазақтың бүкіл әлем елдерінің Қазық жұрты, яғни  қарашаңырағының иесі  екендігін әлемге жариялауы керек.

          Еш қысылып - қымсынудың қажеті жоқ, тарихтың аты тарих, ол болып өткен дүниелер. Сондықтан да, текті елдің текті ұрпағы екендігімізге мақтана отырып, орысқа да, қытайға да, басқаға да өздерін кім ел қылғанын естеріне салып қойғанымыз артық болмайды. Әрқашанда «бала» болып жалтақтап күн кешкенше, дана болып, «тәйт» деп, шындықты айтып, ескертіп қойғанымыз дұрыс.

           Қайран менің, «Қарға бойлы Қазтуған» бабамның:

           «Салп-салпыншақ анау үш өзен,

           Салулы менің ордам қонған жер.

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалып бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең,

Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы жаптырмас,

Бақасы мен шаяны,

Кежідегі адамға,

Түн ұйқысын таптырмас.

Қайран менің Еділім!

Мен салмадым, сен салдың.

Қайырлы болсын сіздерге,

Менен қалған мынау Еділ жұрт!!!..... деп, ата қонысының өзін жатқа қайырлы ет деп тілеген Ұлы бабалардың ұрпағы екендігімізді ескертемін.

           Екіншіден, мен мынау Солженицын, Жириновский, Дугин, Широкоградов, Лимонов, Пугачев, Штыгашев, Аксеновтар сияқты сендердің елдеріңе еш жамандық тілемеймін. Өзге елдің ары мен намысына тиісіп, жамандық тілеу, тамыры таяз елдің «ессіз ұландарының» іс-әрекеті болмақ. Мен сендер сияқты ондаған, жүздеген кітап жазған тарихшы-ғалымда, саясаткер де емеспін. Бар-жоғы қарапайым қазақтың қара  баласымын. Мамандығым заңгер. Менің сендерден айырмашылығым, Адам ата мен Ауа ананың қарашаңырағы Қаз Адайдың ұрпағымын. Мына еңбек Адам Ата тарихының тек қана Қазақта сақтала алатындығының айдай айғағы болмақ. Сондықтан мен сендердің барлықтарыңды әлем тарихынан білім сайысына шақырамын. Мықты болсаңдар, мен келтірген тарихи деректерді теріске шығарып көріңдер. Ал, шығара алмасаңдар, мойындауға тура келеді... Бұндай жағдай Адам-адам болғалы 70 000  жыл ішінде сан рет болған. Бәрінде де бүкіл әлем елдері Қаз ағаларына (Қазаққа) қайта оралып отырған. Қазақтың «Ат айналып, қазығын табар, Ер айналып елін табар» деген мақалы содан қалған.

      «Елдің атын ері шығарар». Бұл еңбектің өн бойында әлем елдеріне көсемсөз арнап, өз елінің (ұлтының) мәдениетін асқақтатып,  әлем елдерін өрге сүйрегендердің де,  керісінше жасағандардың да ұлты және олардың қай елдің (мемлекеттің) өкілдері екендігі айрықша аталатын болады.

      «Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық» (Құран Кәрим. Әл-Хужурат сүресі. 13 аят). Тәпсір: Аса ұлы Аллаһ адам баласының шығу тегі, түбі бір екендігін баян етті. Бүкіл адамзат Адам ата, оған Аллаһтың сәлемі болсын және Хауа анадан тарайды. Аллаһ олардан көп адамдар таратып, оларды бір-бірлерін тануы үшін үлкен халықтар, сондай-ақ кішігірім ру-тайпалар түрінде бүкіл жер бетіне жайды. Сондықтан әрбір адам өзінің шыққан тегін, елін білуі қажет. Алайда Аллаһтың алдында адамдардың ең қадірлісі – барлық жағдайда тек аса ұлы Аллаһқа бойсұнып, күнәлардан сақтанған ізгілері. А.Саъди. Бұл аятта нәсілшілдікке де, ұлтсыздыққа да тыйым салынған. Қар: Әл-Манси.

      «(Ей, Мұхаммед!) Біз саған кітапты (Құранды) ақиқатпен, өзінен алдыңғы кітаптарды растаушы әрі оларға куәлік етуші ретінде түсірдік. Енді олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Өзіңе келген ақиқаттан ауытқып, олардың көңіл құмарлығына ерме. Сендерден әрбір (үммет) шариғат пен жол белгіледік, Аллаһ қалағанда, сендерді бір үммет етер еді. Бірақ Ол сендерді Өзінің берген нәрселерінде сынамақшы. Сондықтан қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар (жақсылықтарға жарысыңдар)! Барлығың Аллаъқа қайтасыңдар. Сонда Ол сендердің қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді» (Әл-Мәидә сүресі. 48 аят).

      Тәпсір: Ұлы Жаратушы - Аллаһ бөлек-бөлек ұлт (халық), ру болуды, оларға әртүрлі дінде болуды және ізгі істер (жақсылық) жасауда бір-бірімен жарысуды міндеттеп отыр.

      Бұндай сайыстар әртүрлі әлем елдері мен ұлттары арасында үнемі болып келеді. Олар адамзатты бақытқа жеткізу жолында сайысқа түсіп, бірінен-бірі мәдениеттерін (жақсылықтарын) асырып, оны өзгелермен мойындатуға тырысқан. Оларды (осындай ізгі жақсылықтарды ұйымдастырушыларды) халық  пайғамбар, пір, дана, данышпан, әулие, қаған, ғалым, ержүрек батыр деп әспеттеген. Ондай сайыстар (жарыстар) күні бүгінде де жүріп жатыр. Мысалы, төрт жылда бір өтетін Олимпиада спорттық жарыстары, ғылым, білім, өнер, ән, би, музыка сайыстары т.т. осылардың қатарына жатады.

     «Бразилия еліндегі Сан-Паулу қаласының бір көлемді көше тұйығында   халықты топырлатып, бір жарыс өткізіп жатыр екен. Білдік. Білсек, бұл әйел затының толық омырауы мен көтеріңкі құйрығына сай өтіп жатқан байқау екен. Өткізіп жүргендер Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысы бар жандар. Байқау шарты белгілі. Жүлдесі ше? Кеудесі толық, екі омырауы алға атылып тұрған әйел затының үздігіне Пеле атындағы жүлде тағайындалыпты. Жүлдесі сол омырауға Пеленің суретін жабыстырып беру. Ал құйрық байқауында озған ханымның қайқаңдаған құйрығына Марадонаның суретін желімдеп береді» (Н.Жүнісбайұлы «Пеле жүлдесі - кеудеге, Марадона жүлдесі – құйрыққа...» Жас Алаш газеті. №56. 15. 07. 2014 жыл).

      «Тентек шоқпар жинайды» деп қазақ мақалында айтылғандай қару-жарақ шығарудан да жарысып келеді. Ал ақиқатында, жарыстың көкесі қару-жарақ жасау мен өзге елдің жерін жаулап алу емес, ол ұлы аталарымыздың жеткен жетістіктерін біліп, соларға ұқсап бағу, соларды мақтан тұту, солардың үлгілі істерін жалғастырып, жіберген кемшіліктерін де біліп, ондай жағдайлардың алдын алу, яғни адамзатты бақытты ғұмыр кешуге жеткізу.

      27.08.2014 жылы Ресей президенті В.Путин, Белорус президенті  А.Лукашенко, Украина президенті П.Порошенко және Қазақстан президенті Н.Назарбаевтармен Минск қаласындағы кездесу кезінде «Қазақстан деген мемлекет тарихта  болып көрген емес», - деп мәлімдеді.

     «31 тамыз 2014 жыл. Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төнсе  Евроодақтан шығатынын мәлімдеді.

     «Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төніп, құқығы шектелетін болса, онда біз Экономикалық Евроодақтан шығатын боламыз» деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нурсултан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында (сайт Тengrinews.kz).

     «Егер келісімдегі ереже сақталмайтын болса, Қазақстан Экономикалық Евроодақтан шығады, оны мен бұрында айтқан болатынмын, тағы да қайталаймын» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

     Оның мәлімдеуінше, Қазақстан  мемлекеттер тәуелсіздігіне қол сұғатын ұйымға мүше бола алмайды. «Біздің тәуелсіздігіміз – біздің ең асыл құндылығымыз. Бұл үшін ұлы аталарымыз қанын төккен. Біз оны ешкімге ешқашан бермейміз. Тәуелсіздігімізді қорғау жолында бәрін жасайтын боламыз», - деп мәлімдеді Қазақ президенті.

     29 тамыз 2014 жылы Владимир Путин «Селигер» жастар форумында, Нұрсұлтан Назарбаев – ерекше адам, себебі ол жоқ жерден, жаңа мемлекет құрды» деп мәлімдеді. Осының артын ала орыстың ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский «Украинадан кейін Қазақстанның жеріне қол салатын боламыз» деп мәлімдеді. Дереккөз: Новости Facenews  - http://www.facenews.ua/news/2014/246850/.

      Менің мынау еңбегімді Ресей президенті В.Путинның «Қазақта ешқашан мемлекет болып көрген жоқ» деген мәлімдемесіне жауап ретінде ұсынамын.

      Тарих тағлымы: Әрбір адам баласы өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің «қонағы» болмақ.

         «Қазақ халқының тарихы жөнінде біршама көп жазылды: деп жазады Мұхамеджан Тынышбаев «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» атты кітабында, алайда, олар әр түрлі деректерден қазақтар жөнінде, оны әрқилы кездерде әртүрлі түркі-монғол тайпалары келіп қосылған негізгі тайпа деп ұғынып, тек «қазақ» деген сөзді ғана іздестірді: бірақ сол орайда ешкім де қазіргі қазақ руларының қайсысы бұрынғы «қазақтардың» үрім-бұтағы болып табылады деген мәселені анықтау керектігін білмеді және айналысқан да жоқ. Қазақтардың қазіргі ру құрамын талдай отырып, жеке рулардың әрбір руының шежіресін алдын-ала білмей, сондай-ақ оның қай кездерде кімдермен араласқанын анықтап алмай, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес. Осы ретте біз жеке рулардың шежіресін рет-ретімен қысқаша айтып өткенді жөн көрдік.

          Қазақтар үш жүзден: Ұлы, Орта және Кіші жүзден тұрады.

          Ұлы ЖҮЗГЕ: 1.Үйсін (Дулат, Албан, Суан, Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі), 2. Жалайыр, 3. Қаңлы, Шанышқылы жатады.

           ОРТА ЖҮЗДІ: 1. Арғын, 2. Найман, 3. Қыпшақ, 4. Қоңырат, 5. Керей, 6. Уақ құрайды.

            КІШІ ЖҮЗДІ – үш топтан тұратын алшындар құрайды.

  1. Әлімұлы ( Әлім, Шөмекей және Кете).
  2. Жетіру (Табын, Тама, Жағалбайлы, Тілеу, Кердері, Керейіт және Рамадан).
  3.    Байұлы (Адай, Беріш, Алтын - Жаппас, Есентемір, Таз, Байбақты, Тана, Масқар, Алаша, Қызылқұрт, Шеркеш және Ысық).  (Ташкент қаласы, 1925. 6 бет).

          «Қазақ бір деген ел едік,

          Қайырлы халық атанған.

          Өсіп өнген қатардан:

          Үйсін, Арғын, Алшын деп,

          Үш жүз болып атанған» (Қашаған «Бес ғасыр жырлайды». Алматы, 1989. 101 бет).

          «Атасы алыс болғанмен

          Жамиғи қазақ бір туған» (Базар жырау. (1842-1911).

          «Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас бітімі ғасырлар бойы «бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған»  (Қазақ Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбай).

        Қазіргі бүткіл дүние жүзі халықтары тарихында қолданыста жүрген Арий халқы, Арийшілер (Арабтар, Парсылар, яғни өздерін Арыстармыз (Арийлерміз) деп атайтын халықтардың бәрі) дегеніміз қазақтың  Ар, Арыс деген сөзінен шыққан. Мағынасы арын (Ар-иман, Атамекен, Отбасын) қорғай білетін Арлы ұл, текті ұрпақ болып табылады. «Арыстай ұл мен қыз берсін» (Бата).

       Бүгінгі Қазақ халқының біресе Қазан (Қаз Маннның атасы), біресе Қазар (Қазақ Ардың атасы), біресе Қазақ (Қазақ Ақиқаттың (шындықтың) атасы және тағы бір мағынасы Қазақ әлем елдерінің ағасы) атанып жүргенінің сыры осы. Еске ұста!  Ақиқат пен Ағаның  сөз түбірі (өз түбі)  «Ақ» болатыны осыдан.

       Қазақтардың қазіргі үш жүз аталып жүрген үш баласының аттарының Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп, Адайдың сегіз немересін сегіз арыс Адай деп қойылуы да осыдан шыққан. Сан мыңдаған жылдардан бері қандай ма қиын жағдайлар болып «мың өліп, мың тірілсе де» қазақтың ошағының  отын өшірмей келе жатқан осы үш арыс, сегіз аталған арлы ұлдары болып табылады.

       Сонда қазақтың «батыр» деген сөзінің баламасы ретінде қолданылатын «ер» деген сөзіміз  «ар» сөзінен кейін дүниеге келген. Әрине, солай. Ер болуың үшін қорғайтын арың болуы тиісті емес пе?

Арыңды қорғай білгенің үшін де сені «ер-азамат», «батыр» деп әспеттейді емес пе? Бұл сөз бүгінгі таңда «эр», «сэр», «хэр», «герр» болып бүкіл әлем елдерінде қолданыста жүр. Бәрініңде мағынасы бірдей,  «ер, азамат» дегенді білдіреді.

       Антрополог-ғалым, академик Оразақ Исмағұлов біздің жыл санауымыздан екі мың жыл, тіпті оданда арғы замандарда қазіргі Қазақ жерінде, Каспий мен Қаратеңіз далаларында қазіргі қазақ аталып жүрген ру, тайпалардың ата-бабаларының өмір кешкендерін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп шыққанын жариялады.

       Қазіргі бүкіл әлем, оның ішінде қазақ ғалымдары мен тарихшыларының басты қателігі бүгінгі таңдағы 105, ертеректе алты тақта арап және басқалары қазақ халқының құрамында болған кезде 125 таңбалы біртұтас қазақты (әр таңбалы  ата, ру, ел кезінде бір-бір ұлы қағанатты құраған) бөліп-бөліп, жеке-жеке зерттеуі болып табылады. Бүгінгі таңда түркі елдері аталып жүрген 49 мемлекетте, тіпті басқалары да осы бағытпен кете берсек, шындықтың түбіне тіпті де жете алмаймыз. «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп ата-бабаларымыз айтқандай шыққан тегімізді ұмытып бөлектенген сайын шындықтың ауылынан алшақтай беретін боламыз.

       2010 жылы Алматыдағы «Таңбалы» баспасынан жарық көрген «Шыңғыс ханның тегі Адай» атты тарихи-зерттеу еңбегімде өзі де, ұрпақтары да бүкіл әлемге патша болып таралған Шыңғыс ханның Қазақтың Адай тайпасынан екенін жазғанмын. Себебі, сол кезеңдегі болып өткен оқиғаларға зер салып саралап, тарихты бұрмаламай әділ бағасын берген адамға бұл жағдай анық көрінеді. Кәзіргі өздерін Адай тайпасынан, Адай ұрпағымын деп жүрген халықтың ізі сонау ұлан-ғайыр қазақ даласында, түркі әлемінде, бүткіл дүние жүзінде сайрап жатыр. Себебі, белгілі бір жердің, өңірдің белгілі бір елге қатыстылығын ешкандай дау-дамайға жібермей айғақтайтын дерек көзі-сол жердің топономикалық атаулары, сол елдердің ғимараттарындағы және қорымдарындағы бәйіт басына қойылған рулық таңбалары. Мысалы, ұлы қаған Шыңғысханның да, одан кейінгі бес жүз жылға жуық бүкіл Европа мен Азияға билігін жүргізген Осман империясының негізін қалағандар да, сол империяның билігінде болғандар Қазақтың Адай руы. Оған Шыңғысханның туған жеріндегі Аваргададағы ескерткіш тастағы Адайдың «тіл» таңбасы, ал Осман империясының хан сарайының қақпасындағы Адайдың «жебе» таңбасы куә.

           Адайлар Адам атаның, жер бетіндегі ең алғашқы мемлекет Қазақтың қара шаңырағының иесі және осы елдерді билеген билеушілердің, яғни  осы хандардың төл жұрты болып табылады. Ол жөнінде «бірінші кітапта» айтқанбыз, сондықтан оның бәрін қайталап жатпай тек қана қысқаша қорытындысын береміз:

      - Баршамызға белгілі жер бетіндегі бүкіл адамзат баласы Аллатағаланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін  «Адам» және «Ман» деп тек қана екі есіммен атайды. Адам атамыздың атын (қарашаңырағын) Адай ұстап отырса, Ман атамыздың атын Манқыстау ұстап отыр.

      - Ман – «Ма» деген  бірінші буынға - «ан» жалғаулығы қосылған таза қазақ сөзі. Сонда «Ман» атамыздың аты да, оның екінші буыны «Ан»-ға «А» әрібін жалғасақ «Ана» болып шығады. Шежіредегі «әйел ер адамның қабырғасынан» жаралыпты делінетініндей, ана сөзі Ман атамыздың есімінің ішінен шығып тұр.  Бұл тұжырымның дұрыстығын айғақтайтын басты деректердің бірі, атам қазақтың "кеңесетін қабырғасы" мен ет тартқанда қабырғаны әйелдерге тартып «сендер біздің қабырғамыздан» жаратылғансыңдар деп ишаралайтындарының сыры осы.  Енді осының үстіне Ман есімінің басында тұрған «М» дыбысының, Адам дегеніміздегі соңғы дыбыс екенін қосыңыз. Демек, Ман ата - Адам ата ұрпақтарының жалғасы.

      -  Адам - таза қазақ сөзі. Бұл сөз ежелгі қазақтар арасында дүниеге келген. Сонау Адам ата мен Ауа анадан бастап, олардың бүткіл ұрпақтарында адам деп айтып келе жатқан қазақтар болып табылады. Өзге елдер Адам деп, тек қана Адам атаны айтады. Ата (ада) сөзі өзіміздің әкемізден бастап, Адам атаға дейінгі  бүкіл ата - бабаларымызды білдіреді де, оған «м» әрпін қосқан кезде «атам менің» дегенді білдіреді. Қазақтың ана тілінде қай сөзге «м» әрпін қоссаң да менікі деген мағына береді. Мысалы: Атам – менің атам, әжем, ағам, апам, інім, бауырым, балам, далам, қалам, аяғым, қолым,  ана тілім т. т. б.  осылай жалғасып кете береді.

     -  Ал «м»-нің орнын «й» дыбысымен ауыстырған  кезде «Адай» болып, аталар, яғни адамдар деген көпше мағына береді. Бұның дәлелі, қазақ та, күні бүгінде де «Адайласаң да таусылмайды» деп өте көп деген мағына да, ал ата, ада бір адам, азаю, таусылу деген мағына да қолданылады. Мысалы, «Найманмен жапсарлас жүретін Жамұқа да ел-жұртынан ада болып, бес жолдасымен бірге қаңғып жүріп, Таңлы тауын паналайды» (137 бет), «Қаталдықпен ада (жоқ) етіп», «Билеген елден ада етіп (айырып)» (65 бет), «Ада болсам жиһаннан» (99 бет) (Моңғолдың құпия шежіресі). Мұның мағынасы: Адай – көп адам, Ада болу – жалғыз қалғанша азаю, немесе кез-келген заттың таусылуы (түгесілуі, бітуі) б

Связанные Статьи