“Қазақстан аруы” Айдай Исаева тұрмысқа шығады

/uploads/thumbnail/20170708174054289_small.jpg

2013 жылғы “Мисс Қазақстан” байқауының жеңімпазы Айдай Исаева тұрмысқа шығады.

25 жастағы арудың болашақ жары консалтингтік компанияның директоры әрі қайырымдылық қорының президенті болып қызмет атқарады. Айдай болашақ жарымен мейрамханалардың бірінде танысқан екен. Ол құрбыларымен бірге сынақты сәтті тапсыруын тойлаған. Ал Қазақстандағы ең әдемі қыз болып танылған Айдайдың көңіл жарастырған жігіті Мақсат сол кеште көрші столда отырыпты. Екі жас 3 жыл бойы кездесіп, жақын күндері шаңырақ көтергелі жатыр. Неке қию рәсімі “Бақшасарай” салтанат сарайында өтеді. Тойға екі жастың ең жақын достары мен туыстары, сонымен қатар, Айдайдың “Әлем аруы” байқауында жақсы араласқан құрбылары шақырылмақ. Айдай отбасын құрған соң да дәрігерлік қызметі мен шоу-бизнесті қатар алып жүрмекші.

Связанные Статьи