Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға 1,5 трлн теңге бөлінді

/uploads/thumbnail/20180429184120685_small.jpg

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына сүйенсек, бес әлеуметтік бастама отандық бизнесті қолдайтын бірден-бір жол. Бұл туралы мәжіліс депутаты Альберт Рау айтты.

«Көктемдегі бес әлеуметтік бастама мен Елбасының бүгінгі күнгі Жолдауы үлкен маңызға ие. Назарбаев та мұны анық атап өтті: бастаманың бәрі дерлік қазақстандықтардың бай-қуатты өмір сүруі үшін. Алайда мұның бәрі экономикамен тығыз байланысты екенін естен шығармауымыз тиіс», - деді ол.

Сол себепті мәжілісмен Елбасының Жолдауы айтылған күнді қазақстандық бизнес, кәсіпорын, өндірістегі ең қуанышты күн екенін атап өтті. Әрі Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін 1,5 трлн теңгеге бағалағанын да хабардар етті.

Айта кетейік, 5 қазан Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауымен қазақстандықтардың алдына шықты. Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын көтеру» тақырыбын қозғады.

Біріншіден, халық табысының өсуіне аса мән беру керектігін ескерді. Осы орайда Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысын 35 пайызға өсіруді тапсырды. Әрі жаңа жұмыс орындарының ашылғанын хабарлады.

Екіншіден, экономикадағы бәсекелестікті дамыту жайын әрі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялар үшін белгіленген тарифтер саласында белгілі бәр тәртіп орнатуды тапсырды.

Бұған қоса, бизнес саласы, экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Үкіметтік назарына тағы мына мәселерді ерекше қадап айтты:

Халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Осыған орай төмендегідей тапсырмалар берді:

Біріншіден, 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет;

Екіншіден, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту;

Үшіншіден, орта білім беру жүйесіне баса назар аудару;

Төртіншіден, алдағы жылы «Педагог мәртебесі» туралы заң әзірлеп, мұғалімдердің қызметіне құрметпен қарау;

Бесіншіден, жоғарғы білім беру сапасына мән бері әрі медицина саласына да айрықша назар аударып, адам денсаулығын бірінші орынға қоюды тапсырды.

Әрі Елбасы өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мәселесін де ұмыт қалдырған жоқ. Халыққа сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй қарастыру қажеттігін айтты. Осы орайда көктемде Елбасының бастамасымен қолға алынған 5 әлеуметтік бастама негізінде, «7-20-25» бағдарламасы жүзеге аса бастаған еді. Алайда Елбасы халықтың бағдарламаға қызығушылығы азын айтып, шенеуніктерді сынап, дереу шара қолдануды тапсырды.

Связанные Статьи